Алматының Алатау ауданында жастар орталығы ашылды

Алматының Алатау ауданында жастар орталығы ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алатау ауданында жастар орталығы ашылды. Мұнда көмектің барлық түрі тегін көрсетіледі. Орталық коворкинг, қызмет көрсету және көңіл көтеретін бөлме деп үш бөлікке бөлінген. Студенттер бос уақыттарын кітапханада өткізіп, сондай-ақ бірге басқосулар да ұйымдастыра алады. Тегін ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық курстары және шеберхана да бар. Орталық бір мезетте 100-ге жуық адамға қызмет көрсете алады. Онымен қоса, онда мемлекеттік органдардан бір кеңесшіден отырады. Жастар мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, күн сайын бос жұмыс тізімі туралы ақпаратты алуға мүмкіндік бар. Орталықтың салтанатты ашылуына қала әкімі Бауыржан Байбек арнайы барды. Өйткені, Қазақстандағы әрбір үшінші студент Алматыда тұрады. Жастармен басқосуда еліміздің латын қарпіне өту мәселесі талқыланды.

¤«Алматы қаласы ол жастардың қаласы. Қаламыздың тұрғындарын 45 пайыздан астамы ол біздің жастарымыз. Алатау ауданына келетін болсақ, жастардың Алматы қаласы бойынша 18 пайызы тұрады. Сондықтан, арнайы Алатау ауданында осындай орталықтарды ашып, біз жастарымызға, балаларымызға, олардың ата-аналарына жағдай жасап жатырмыз. Мына орталықтың негізгі бағыты ол жалпы қала тарапынан бәрі төленген. Сол кезде интернеті бар, жалпы бос уақытын өткізетін жағдай бар. Білім алатын жерлері бар», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

«¤Шығармашылық бағытта, спортқа баулуға, кәсіпкерлікке бағдарлауға, әр түрлі мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру ақпараттық қызмет бойынша қызмет көрсететін болады. Одан бөлек, бізде арнайы графикпен психологиялық-құқықтық кеңестер беріледі. Арнайы семинар-тренингтер, бизнес тренингтер, кездесулер шеберлік сыныптар ұйымдастырылады», - деді¤ қалалық студенттер альянсының жетекшісі Сандуғаш САНДЫБАЕВА

Орталық тек Алатау ауданының жастарына емес, сондай-ақ Жетісу мен Әуезов аудандарының жастарына да қызмет көрсетпек. Айта кетейін, қалада спортпен айналысу үшін де мүмкіншілік жасалуда. Мәселен, өткен жылы 300 спорттық алаң жөндеуден өтсе, биыл оның саны 500-ге жеткен. Алматыда бір-бірімен жалғасқан веложолдар мен стадиондар салынып жатыр. Базардағы жастар да спорттық шаралардан тыс қалмай келеді. Футболдан үздік атанған топтарды қала әкімі Бауыржан Байбек марапаттады.


Новости партнеров