Алматының Наурызбай ауданында мектептер жетіспеуде

Алматының Наурызбай ауданында мектептер жетіспеуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласына үш жыл бұрын қосылған Наурызбай ауданының 157-ші мектебі 1200 балаға арналса, қазір онда 3500 мың бала оқып жатыр. Осы мәселені жергілікті билік биылдан қалдырмай шешеміз деп отыр. Одан қалды емхана, балабақша мәселесі де қордаланып тұр. Кезінде Алматы облысының құрамында болған ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы қашан ретке келетінін Әнуарбек Жәлел біліп қайтты.

Осыдан үш жыл бұрын Алматы қаласына қосылған Наурызбай ауданында әлеуметтік нысандардың мәселесі алдыңғы қатарда тұрды. Мектеп, балабақша, емханалардағы орындардың жетіспеушілігі жергілікті тұрғындарды мезі еткен. Қазір ауданда 42 балабақша жұмыс істейді. Тек өткен жылы ауданда жеке меншік 24 бөбекжай ашылған. Ауданда тағы 320 орындық мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме бой көтермек. Оның жанынан жер телімі бөлініп, мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында ғимарат салу бойынша кәсіпкерлермен келіссөз жүріп жатыр. 

«Қазіргі таңда біздің ауданымыз бойынша 1233 бала қазір кезекте тұр. 3 жастан 6 жасқа дейін. Жалпы ауданымыз бойынша, мектепке дейінгі балалардың саны 4500. Соның ішінде 2500 бала балабақшамен қамтылған.  1233 бала кезекте тұр. Қалғандары жаңа туған балалар. Олар әзірше кезекте тұр»,- деді Наурызбай ауданының әкімі, Сайран САЙФЕДЕНОВ. 

Жақын арада жалпы саны 2400 балаға арналған екі бірдей мектеп бой көтермек. Оның бірі кәсіпкерлердің қолдауымен болса, екіншісі мемлекеттік білім ордасы әкімшілік аймақта бой салынып жатыр.

¤Осы сыныпта 2017-2018 оқу жылында оқушылар парталарында сабақтарын бастайтын болады.  Қазір еденге линолеум төселіп,  мына жерді әлі басуға болмайды (аттап өтем) кафель төселіп, жөндеу, әктеу, әрлеу жұмыстары жалғасуда. Шілденің орта белінде мектепті қолданысқа береді деген жоспар бар. 

«Осы екі мектеп іске қосылған кезде біздің ауданымыз бойынша осы мектептегі орындардың дефицит сұрағы толықтай шешіледі деп айтуға болады. Оған қоса, біздің ауданымыз бойынша, осы 25 мамырдан бастап екі мектебіміз толық жабылады. Ол екі мектебіміз жөндеуге тұрады. 192-ші және 187 мектеп»,- деді Наурызбай ауданының әкімі, Сайран САЙФЕДЕНОВ. 

Бұл жаңалыққа жаңа мектепке қарсы орналасқан тұрғын үй кешенінің тұрғындары да дән риза. 

«Аудан дамып жатқаны қуантады. Жолдың арғы бетінде мектеп, одан қалды жақын жерде әкімдік, Халыққа қызмет көрсету орталығы, емхана бой көтеріп жатса - жергілікті халық өмір сүру үшін ыңғайлы болады деп ойлаймын»,- деді Қала тұрғыны, Еркебұлан ҚАМШЫБАЕВ. 

Ауданда медициналық мекемелерде тіркеуде тұрған азаматтардың саны 66 мың болса жалпы тұрғындар 100 мыңға жуықтайды. Олардың көбі өзге ауданда тіркеуде тұруға мәжбүр. Енді аудандағы жаңа әкімшілік аймақта салынып жатқан күніне 500 адамды қабылдай алатын емхана мен Таусамалы шағын ауданындағы ескі емхананы қайта құру арқылы келер жылы емхана мәселесі толығымен шешілмек.

Әнуарбек Жәлел, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров