Алматылықтарды әбігерге салған үскірік аяздың беті қайтты. "Қазір сынап бағаны аздап көтеріліп келеді", - дейді синоптиктер. Алда тұрғындарды қандай ауа райы күтіп тұр? Дәл қазір осы және өзге де халықты қызықтырған сұрақтарға «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК Алматы қаласы бойынша жетекші инженер-синоптигі Ақзер ӘШІМ. жауап береді. Ол біздің студиямен тікелей байланысқа шығуға дайын отыр. Ақзер, қайырлы кеш! Алматыда ауа температурасының көтерілуі байқала ма?
- Алдағы тәулікте Алматы қаласында ашық, жылы ауа райы күтіледі. Яғни, бізде оңтүстік циклонның шығуымен Атлантика және Қара Теңіз аумағынан жылы және ылғалды ауа массасының келуіне байланысты ашық, жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі. Ауа температурасы аздаған көтерілуі байқалады. Түнде 10-15 градустан 7-12 градусқа дейін төмендеген, ал күндіз 2-7-ден 15 градусқа дейін жылы болатыны байқалады.
- Бүгіннен бастап қалада ауа райының аздап жылынғаны сезіледі. Бұл жақын күндері қақаған аяздың беті қайтады дегенді білдіре ма? Өзіңізден анықтап, сұрап алсақ?
- Ұзақ мерзімді болжауларға қарасақ, яғни ақпан айының 1-ші жартысында яғни 15-ші ақпанға дейін бізде ауа температурасының сәлдеген төмендеуі болады. Түнде 10-15 градус дейін, күндіз 5-10 градус дейін. Ал, екінші - жартысында ауа температурасының қайтадан көтерілгені байқалады. Яғни, түнде 5-10 градус, күндіз 0-5 градусқа дейін болады.