Аргентина мен Уругвай жұрты ауа райының қолайсыздығынан әбігерге түсті. Бірқатар аймақты қамтыған қатты жауын мен дауылды желдің толастамағанына бірнеше күн болған.
Аргентиналық Санта-Фе қаласы - желтоқсанның соңынан бері су астында қалып, қолайсыз ауа-райының зардабын тартып жатыр. Аймақтағы биліктің хабарлауынша, ондаған отбасы өз үйлерінен қауіпсіз жерге көшірілген. Олар жергілікті спорттық және мәдениет орталықтарына орналастырылды. Енді қауіпсіз орынға аймақтың барлық тұрғындарын көшіру жоспарлануда. Сонымен қатар Уругвайдың билігі ел астанасы Монтевидеодағы дауылдан кейін зардап шеккендер саны 17-ге жеткені туралы ақпар берді. Желдің жылдамдығы сағатына 100 километрді құраған. Тілсіз жау ағаштар мен шатырларды ұшырып түсірген.
Қазір Уругвайда күн райының қатты құбылуына байланысты қауіптің сарғылт түсті деңгейі жарияланды. Үш жарым сағаттың өзінде құтқару қызметіне 1200-ден аса қоңырау келіп түскен.