Астана Еуразия кеңістігіндегі ең таза қала болмақ

Астана Еуразия кеңістігіндегі ең таза қала болмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Арзан ипотеканың арқасында құрылыс саласы мен қатар, құрылыс материалдарын шығаратын зауыттардың жұмысы қарқын алады. Енді елімізде жан басына 30 шаршы метр тұрғын үйдің тиесілі болуы мүмкін. Бұл Сингапурлық тәсіл 2030 жылға қарай енгізілуі ықтимал. Сәйкесінше, сапа жақсарып, бәсекелестік арта түспек. Ал оқу гранты жыл сайын 20 мыңнан қосылып отырса, Германиядағыдай 100 пайыз тегін оқу жүйесіне қол еткізуге болады. Сондай-ақ салық түрлерін қысқарту-әлеуметтің әлеуетін жақсартатыны сөзсіз. Мұндай пікірді Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов алға тартты. 

«20 мың оқу гранты әзірге 2018-2019 жылдарға бағытталған. Бірақ бұл бастама міндетті түрде әрі қарай жалғасын табады деп ойлаймын. Осылайша, толықтай тегін жоғары білім алуға ел азаматтары мүмкіндік алады. Бұл білім сапасын едәуір жақсартады. Ал еңбек шартына сәйкес 5 салықтық  түсімнің 2-уін ғана қалдыру тиімді болар еді. Бұл сингапурлық тәсіл. Сондай-ақ арзан ипотека ел экономикасының көрсеткішін жыл сайын 1-1,5 пайызға қосымша арттыратын болады», - деді Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ.

Астана Еуразия кеңістігіндегі ең таза қала болмақ. Елорданы экологиялық жағынан жақсарту үшін газдандыру жұмысы мықтап қолға алынады. Бұл туралы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары  Мадина Нұрғалиева мәлім етті. Көгілдір отын Астанаға Қызылорда облысынан тартылмақ. Сөйте келе,  қос қаланың аралығындағы Жезқазған мен Теміртауды да газдандыру жанданбақ. Естеріңізде болса, кеше ғана Президент үндеуіндегі бес бағыттының соңғысы дәл осы мәселеге бағытталған.

«Астананың ауасы жақсарып,  жылыту жүйесін көмірмен жүргізуден біржолата бас тарту-елордаға сырттан инвесторларды тартуға үлкен мүмкіндік береді. Елорданың 20 жылдығына орай бұл қуанышты жағдай. Осылайша, Астана Еуразия кеңістігіндегі ең таза қала қала болмақ», - деді  ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары  Мадина НҰРҒАЛИЕВА.



Новости партнеров