«Нұр Отан» партиясы ғасыр жасаған әжелерді мерекемен құттықтады

«Нұр Отан» партиясы ғасыр жасаған әжелерді мерекемен құттықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Нұр Отан» партиясы «Ел аналары» жобасы аясында 100-ден асқан ақ жаулықты әжелерді халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Арнайы үйіне барып, сый-сияпаттарын табыстады. Партия өкілдері ең алғаш болып 103 жастағы Күніш Ахмедоваға құрмет көрсетті. Ғасырдан ұзақ өмір кешкен кейуана Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткен. Ең алғашқы марапат та ауыл шаруашылығын дамыту үшін қосқан үлесі үшін табысталған. Күніш әже атқарушы билік жүйесінде 23 жыл қызмет атқарған. Қарт ананың айтуынша, ұзақ жасауының сыры: еңбек пен ұшқыр ойлауының арқасында.

«Бәрің де аман болыңдар. Деңдерін сау болып, ұзақ өмір сүріп, бала-шағаларынды қайырлы, қадірлі азамат етіп өсіріңдер. Елдің тыныштығы үшін күресіңдер. Біз көп рулы елміз, көп халық тұрады.Бастықтың арқасында, дұрыс басқарғанның арқасында біздің ұлттар мен ұлттардың арасында ешқандай ұрыс-керіс жоқ», - деді Күніш АХМЕДОВА.

«Алматы қаласы бойынша бізде қарт кісілер, жүзден асқан кісілер 30-дан жуық. 36 деп нақты айтсақ болады. Бұл апаларымыз біздің барлық 8 ауданымызда орналасқан. «Нұр Отан» партиясы атынан бұл үлкен кісілерге біз барлық қамқор жасап, барлық жақсылық жасауға дайынбыз», - деді «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Алмажан БАҚТҰРАЗОВА.


Новости партнеров