«Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары 50 жылға салық төлемдерінен босатылады

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары 50 жылға салық төлемдерінен босатылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Астана» қаржы орталығының қатысушылары 50 жылға дейін кез келген салық түрлерінен босатылады. Алпауыт ұлттық компаниялардың акциялары жарты жылда халықтық «IPO» бағдарламасы арқылы сатылымға шығады. Бұл туралы бүгіннен бастау алған «Astana Finance Days»  халықаралық қаржы конференциясында Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Үкімет басшысы «Астана қаржы орталығының» алдағы уақытта Еуразиялық нарыққа енетініне сенім білдірді.

Астананың 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған ауқымды шараның бірі «Astana Finance Days» конференциясы. Әлемнің түкпір-түкпірінен ағылған қаржы саласының майталмандары Елорда да бас қосып, аталмыш бағытта дамудың негізгі тетіктерін сөз қылды. Бүкіл топты тізгіндеген Үкімет басшысы алқалы отырысты өзі ашты.Дүйім жұртты мерекемен құттықтап, 20 жыл ішіндегі жетістікті тілге тиек етті. «Астана Қаржы Орталығының» жұмысы басты тақырыпқа айналды.Қазірдің өзінде жұмыс істеуге ниетті 50 компания тіркелген.Жыл соңына дейін олардың қатары 100-ге жетпек.

«Астана Халықаралық Қаржы Орталығы» органдары мен қатысушылары, сондай-ақ олардың қызметкерлері салық төлемдерінен 50 жылға босатылады. Яғни, қаржылық және қосымша қызметтерден түсетін кірістерге корпоративті табыс салығы, жеке табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы болмайды. Бұдан бөлек қатысушылар қаржы орталығы биржасындағы келісімшарттар мен ережелерге сәйкес кез келген валютаны қолдана алады»,-деді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Бақытжан Сағынтаев отандық алпауыт компаниялардың болашағына да көз жүгіртті. 2020 жылға дейін «Қазатомпром», «Қазақтелеком», «Эйр Астана» сынды  компаниялардың акциялары «IPO» бағдарламасы арқылы сатылымға түсетінін жеткізді. Мұны Қайрат Келімбетовте растады. Жаңа орталық «Каsе» қор биржасындағы ең үлкен мекемелерді тартып әкетпек.

«Біз дайындық жұмыстарын аяқтадық. Алдыда айтулы шаралар көп. Сіздер өздеріңіз білетіндей Үкімет пен «Самұрық - Қазына» қоры біріге «Самұрық-Қазына » компаниясын жекешелендіруді қолға алды.Ең алғаш Айпиоға түсетін ірі компаниялардың ішінде «Қазақтелеком»мен «Қазатомпром » бар. Алдағы жарты жыл аралығында олардың акциялары «Астана Қаржы Орталығының» биржасына шығады»,-деді «Астана қаржы орталығының» басқарушысы Қайрат КЕЛІМБЕТОВ. 

Пленарлық отырыста премьер «Астана қаржы орталығы» исламдық қаржыландыру нарығының дамуына ықпал ететінін жеткізген болатын. Жыл соңына дейін тіпті исламдық құнды қағаз, демек сукук шығарыла бастайды. Дәл осы мәселе,жалпы отырастан кейін арнайы ислам экономикасына арналған форумда сөз болды. Модератор рөлін тізгіндеген Мехмет Асутай  адамның құқығы, қауіп-қатерден сақтау ислам елдері ұстанған бағыт екенін сөз етті. Астана қаржы орталығының да атқаратын басты мақсаты осы болады деген сенім білдірді.

«Астанада қаржы орталығы ашылып отыр. Бұл орын шеберлік ортасы. Халықтың мүмкіндігін арттыру, тұрмысын жақсартуға бағытталған мекеме деп ойлаймын. Қаржыланжырудың ең басты постулаты да осы. Осы бағытта біріге жұмысты бастадық»,-деді «Durham» ислам экономикасы мен қаржы  орталығының директоры Мехмет АСУТАЙ.

Қорыта келгенде, Премьер-министр «Астана Қаржы Орталығы » орналасқан ерекше географиялық мүмкіндігіне орай, Орталық Азия, Еуразиялық Экономикалық Одақ, Кавказ елдері мен жақын шығыс елдері нарығына  шығады деді. Бұдан бөлек «Бір белдеу-бір жол» бағдарламасы аясында қаржы орталығы 1 млрдқа жуық адамды құрайтын Қытай, Моңғолия мен Батыс елдерінің нарығын қамтымақ.

Назым Мәлікқызы, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров