Астанада 9-сынып оқушысы қоқысты бөлек жинаудың әдісін тапты

Астанада 9-сынып оқушысы қоқысты бөлек жинаудың әдісін тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада «Жастар Синергиясы» жастар лагері жұмысын бастады. Мұнда 16 мен 29 жас аралығындағы 150 жас өздерінің идеясы мен жобаларын ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жазғы лагерьдің ең жас қатысушысы – 16 жасар Айболат Құрақбаев. Ол іс-шараға өте тыңғылықты дайындалып келіпті. Форумға оны қаланы қалай таза ұстаса болады деген идея алып келген. Астанада қалдықтарды бөлек жинайтынын есепке алған ол, мотиватор ойлап тапқан, яғни адамдар қоқысты үйінен бөлек-бөлек пакеттермен алып шығады.

«Менің идеям «clean city» деп аталады. Адамдар қоқысты бөлек салғысы келмейді, себебі ерінеді. Ал менің құрылғым адамдарды қалдықты қайта өңдеуге құлшындырады. Ол мобильді қосымша арқылы жұмыс істейді. Қоқыс жәшігіне жақын келген кезде өзінің телефоны арқылы арнайы кодпен идентификация жасап, қоқысты төгуіне болады. Егер айтарлықтай мөлшерде қоқыс жинасаңыз, сол үшін балл аласыз. Менің ойластыруымша, әлгі ұпайларды кәдімгі ақшаға айналдырып, ол ақшаны жинап, мысалға смартфон алуға болады», – дейді А. Құрақбаев.

Жастар лагерінде бірнеше жобалар ұсынылды. Жастардың идеясы көбіне әлеуметтік бағытта негізделген. Оларды пайдалану адамдардың өмірін жеңілдетуге көмектеседі.

«Hear.Me жобасы нашар еститіндерге алты метр қашықтыққа дейінгі аралықта не айтқанын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл құрылғы оның қолында іске қосылған кезде жанады әрі дірілдеген қимылмен оны шақырып жатқанын білдіреді. Бұл идея бір танысымның шақырған кезде естімейтінін айтқан кезде келді», – дейді павлодарлық қатысушы Андрей Капцов.

Айта кетейік, биыл шаралар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өтіп жатыр. Лагерьдің жұмысы 22 маусымға дейін жалғасады.


Новости партнеров