|
12.01.2018 | 09:19
1471

Астанада бір күнде 60-қа жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді

Астанада бір күнде 60-қа жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді

Астанада төтенше жағдай жарияланды. Түнде басталған боран аралас жел елорадалықтарды әбден әбігерге салды. Қала халқына қауіп төндірген күн райына  жергілікті билік «төтенше жағдай» деген баға беріп, Әсет Исекешов тұрғындарды себепсіз үйден шықпауға шақырды. Табиғаттың тосын мінезінен қалада 60-қа жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Астаналақтардың астаң-естеңін шығарған ақ боран әлі түтеп тұр. Секундына 30 метрге дейін жеткен жел мен боран адамдарды ұшырып қана қоймай, алып нысандар мен үйлердің шатырларын жұлып әкетті. 

Ауа райының күрт өзгеруін қала әкімі Әсет Исекешев табиғи сипаттағы «төтенше жағдай» деп жариялады. Сондықтан, шаһар тіршілігін қалыпты қамтамасыз ететітін мекемелерден бөлек, мемлекеттік органдар, білім беру ордалары мен құрылыс нысандарының қызметті уақытша тоқталуы ұсынылды. Бұдан басқа, Астана әуежайымен қатар, қала аралық тас жолдарда жабылды.

«Қазіргі кезде Астанадан басқа қалаға апаратын тас жолдар толықтай жабылған. Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда тас жолдарында азаматтар жолға шықпасын деп, бақылау жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдайға құзырлы органдағылар, құтқарушылар сақадай сай», - деді ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет ҚАСЫМОВ.

¤Қала ішінде өткен түні мен бүгін жол-көлік оқиғасы көптеп тіркелген. Жергілікті полиция түк көрінбейтін ақ түтек боранда көлік жылдамдығын асырмай, абай болуларын сұрады. Жол тәртібіне жауаптылар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. 

«Өткен тәулікте 60-тан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның нәтижесінде бір адам дене жарақатын алған. Қаза болғандар жоқ. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері белсенді жұмыс жасап жатыр», - деді Астана қаласы ІІД ресми өкілі Софья ҚЫЛЫШБЕКОВА.

Қала ішінде қатынайтын қоғамдық көлік қозғалысы қалыпты болғанмен, Астанадан сыртқа шығатын жолаушылар автобусы  тоқтады. Астананы қардан аршу үшін коммуналдық қызметі 24 сағат бойы еңбектеніп жатыр. Қар аршығандар «қауқарымыз жетпесе қосымша  жұмыс күшін шақырмамыз», - дейді.

«Қазіргі кезде қала жолдарындағы техника саны 1500-2000 бірлікке жетеді. Өткен тәулікте 3 мыңға жуық куб қар шығарылды. Бұл істе 1400  арнайы құралдар тартылды. Техникадан бөлек, қаланы қолмен тазалау жағдайы да қарастырылған», - деді «Астана тазалық» ЖШС өкілі Алтын НҰРЖУМИНА.

Қазақстанда күн райының күрт өзгеруіне Атлантикадан келген белсенді циклон себеп болған. Синоптиктер «алдағы күндері елімізде ауа райы салқындайды», - дейді.

«Кеше және бүгін көп өңірлерде күн райы күрт суытты. Қазір Астанада - 8 градус суық байқалады. Әсіресе, белсенді циклон 30 м/с дейінге жеткен жел Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарында қатты сезілді. Алдағы күндері ауа темперптурасы тағыда төмендейді. Ертең түнде 15-20 градус аяз, күндіз 10-15 градус төмендейді», - деді «Қазгидромет» РМК бас инженері Мөлдір ЕСҚАЛИЕВА.

Қазірге дейін Төтенше жағдай қызметіне үш мыңнан аса қоңырау келіп түскен. Оның 850 хабарламасы жабылған жолдар көмек көрсетуге қатысты. Таңнан бері Астана маңындағы жолдар мен айналма трассалардан 70 адам эвакуацияланған. Олардың бесеуі - бала.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир