Астанада Тәуелсіздік қарсаңында төртем дүниеге келді. Қазір күн өткен сайын сәбилердің жағдайлары жақсарып келеді. 2-ші желтоқсан күні Астанадағы №1 перинаталдық орталығында туылған төртемнің екеуі қыз, екеуі ұл бала. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінде жұмыс істейтін әскери жігіттің отбасында туылған төртем перзентхадан әлі шыққан жоқ. Өмір есігін ашқан сәбилерге Әрсен, Әлихан, Диара және Әдел деген есімдер беріліпті. Ал бірден көп балалы ата-ана атанған Салтанат пен Асхат Спановтар қуаныштарын енді жариялап, дәрігерлерге алғыстарын жаудырып жатыр.
«Алғашында бізге үшем болатындығын айтқан болатын, ал төртем болған кезде біз қуандық. Бақытқа бөлендік. Жүктілік кезінде мен дәрігерлердің жіті қадағалауында болдым. Күйеуімде мені үнемі қолдап отырды»,- деді Төртемнің анасы, Салтанат СПАНОВА.