Астанада велосипед ұрлығы белең алған

Астанада велосипед ұрлығы белең алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Астанада велосипед ұрлығы белең алған. Соңғы кездері ұрлық фактілерінің жиілеп кеткені туралы әлеуметтік желілерде де дабыл қағылып жатыр. Ресми деректерге сүйенсек, жыл басынан бері 150-ден аса ұрлық жасалған. Бұл ел астанасы бойынша барлық тонау дерегінің 2 пайызын құрайды. Мектеп оқушысы Ильяс Күдебайдың Астанада осымен 1 емес, 2 бірдей велосипедін қолды еткен.

«Мен қос дөңгелекті көлігіммен мектепке барып-келетінмін. Қосымша сабақтарға да велосипедпен жететінмін. Маған өте қажет дүние еді. Үйден киініп шыққаным сол еді, тұрған велосипедім орнында жоқ. Бірден анамды оятып, бейне бақылау камераларын қарай бастадық. Одан полицияға хабарластық. Олар бір сағттан кейін келіп, істі қарады»,- деді Оқушы, Ильяс КҮДЕБАЙ. 

Бейне бақылау камераларындағы жазба арқылы енді тәртіп сақшылары ұрлықшыларды анықтауға кіріседі. Мына бейнеден екі жігіттің алдымен арнайы арқанды кесіп, одан велосипедтерді алып, сыртқа шығып кеткені анық көрінеді. Тәртіп сақшылары мұндай фактілердің жиі тіркеліп жатқандығын айтады. Олар істің ізін суытпай, қылмысты дер кезінде анықтауға тырысып жатыр. Жуырда 4 велосипедті ұрлағаны үшін екі адам ұсталған. 

«Қос дөңгелекті көлік байланған арнайы арқанды кесу арқылы мүлікті ұрлаған. Біраз уақыт өткеннен кейін, Сарыарқа даңғылында тағы бір жағдай тіркеледі. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері бұрын-соңды сотталмаған 29-30 жас аралығындағы 2 ер адамды және әйел адамды ұстаған»,- деді ІІД ресми өкілі, София ҚЫЛЫШБЕКОВА.

Новости партнеров