Астаналықтар Қарағандыдағы қайың тоғайының оталуына қарсы

Астаналықтар Қарағандыдағы қайың тоғайының оталуына қарсы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана тұрғындары Қарағанды қаласының қазіргі таңдағы басты мәселесі – қайың тоғайының оталуына немқұрайлы қарай алмайтындарын жеткізіп, шахтерлер қаласының тұрғындарына қолдау білдіруде.

Олар тас жол бойындағы қайың тоғайы маңындағы құрылыс алаңдарына қарсылық танытуда, деп жазады NV.kz.

Қарағандылықтар иелігіндегі қайың тоғайының 150-ге жуық ағашы  оталғалы жатыр. Ағаштар оталған жерге жаңа тас жол төсеу бойынша ұзақ уақыт келіссөздер жүргізіліп, есеп-қисаптар жасалып келген еді. Ақыр соңында, ағаштарды отау туралы шешім қабылданған. Тоғайдың оталатыны туралы хабар тұрғындар арасында жылдам тарап, үлкен дау тудырған.  

Астана символы саналатын Бәйтерекке келушілерден Қарағандыда туындап отырған аталмыш мәселеге қатысты сауалнама жүргізілді.  


Новости партнеров