Әуезов ауданының тұрғындары Алматы күнін кеңінен атап өтуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы күні Әуезов ауданында да тойланып жатыр. Онда 500 адамға арналып концерт ұйымдастырылған.
Шарада эстрада жұлдыздары ән шырқап, мың бұралған бишілер өнерлерін паш етті. Келушілер барлық қала тұрғындарын Алматы күнімен құттықтап, ыстық лебіздерін жолдады.
«Біз сияқты қарт кісілерге де, жастарға да, балаларға да ән қойып, көңілімізді көтеріп жатқандарына көп рахмет! Жастарың ұзақ, дендерің сау болып, істерің ілгері болсын», деп ризашылығын білдірсе, енді бірі: «Алматы қаласының тұрғындарын және барлық қонақтарын осы Алматы қаласының туған күнімен құттықтаймын! Қаламыз осылай көркейе берсін, дами берсін!», деп бүгінгі мереке күнімен құттықтап, ақ тілегін жаудырды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34