Ауған соғысында опат болған қазақстандықтардың саны 15 мыңнан көп болуы мүмкін

Ауған соғысында опат болған қазақстандықтардың саны 15 мыңнан көп болуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Ауған соғысында опат болған қазақстандықтардың саны нақты емес. Дәлірек айтсақ, қаза тапқандар осы кезге дейінгі жүргізілген санақтан да көп болуы мүмкін. Ауған соғысының ардагерлері осы мәселені қайта көтеріп, олар көрші ресейдің Подольский қаласындағы әскери мұрағатына  хат та жолдапты. Сонымен қатар, ТМД елдеріндегі ардагерлерден де мәлімет жинауда. 1979-шы, 1986-шы жылы «Правда» газетінде ауған соғысына 13 мыңнан астам қазақстандық аттанған деген мәлімет келтірілсе, 1999 жылы жүргізілген санақ бойынша бұл көрсеткіш 15 мың болып өзгертіліпті.

«Нақтыланбаған мәлімет бойынша, қаза тапқан қазақстандықтардың саны 26 мың екен. Біз осы мәліметтің дұрыстығына көз жеткізгіміз келеді. Біз бұрыннан білеміз, соғыста опат болғандардың саны көрсетілген мәліметтерден әлдеқайда көп. Жолдаған хаттарымыздың жауабын күтетін боламыз. Біз өз батырларымызды ұмытпауымыз керек», - деді «АБЫРОЙ» Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Әли ДАУЫЛБЕК.


Новости партнеров