Аягөзде үйін су басқан 12 отбасына жаңа пәтер берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Аягөзде үйін су басқан 12 отбасына жаңа пәтер берілді. Барынан айырылған тұрғындарға баспана кілтін облыс әкімі Даниал Ахметов тапсырды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Наурыз мерекесін жақсы жаңалықпен қарсы алған тұрғындар тез үйлі болатындарына сенбегендерін айтады. Облыс басшыларының айтуынша, он күннен соң тағы 15 жанұя жаңа баспанаға қол жеткізеді. Аягөздегі тасқын апатынан 140 үйге су кіріп, оның ішінде 14 үй құлап қалған еді. Комиссия тағы 18 үйдің апаттық жағдайда тұрғанын анықтаған. Ал апаттың салдарымен күресу үшін «Аягөз болашақ» қорына гуманитарлық көмек ретінде 169 млн теңге жиналған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
11.10.2026 11:30
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
11.10.2026 17:34