«Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығы бір жылды қорытындылады. Жастарға үнемі дем беріп, тың идеяларға қолғабыс етіп жүретін бұл ұйым 11 әлеуметтік жобаны іске асырған. Олардың ішінде іліп аларлықтары коррупциямен күрес, гендерлік теңдік пен қоғамдық кеңес қызметін координациялау жобалары. Осы бір жыл ішінде ортақ 111 сенім телефоны іске қосылды. Тырнақалды жұмыстарын жұртқа көрсетсем бе деген 29 мың азамат қоңырау шалған. Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева да бастамаларды қолдауда өз көмегін аямапты. Айта кетейін, азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үкіметтік емес ұйымдарды қаржылық қолдаудағы ұлттық пореатор. Сондай-ақ компания нарықтағы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын жіті бақылап отырады.
«Ең бірінші Әділет органдарына барып тіркелу керек мұндай адамдар. Екіншіден, жұмысты бастамай тұрып мемлекеттік емес ұйымдардың базщасына кіру керек. Өйткені мемлекеттік гранттарға қатысамын деген мемлекеттік емес ұйымдар ең бірінші кезекте сол базада тіркелуі тиіс», - деді «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан ӨТЕШОВ.