БҰҰ-ның бас хатшысы Мьянма үкіметін зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды

БҰҰ-ның бас хатшысы Мьянма үкіметін зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Мьянма үкіметін зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды. Антониу Гутерреш қанды қақтығысты доғару үшін Қауіпсіздік кеңесіне жоспар құруды да ұсынды. Мьянмадағы текетірес 25 тамызда басталған еді. Ол кезде Рохинджа баскесерлері Ракхайндағы полиция бөлімшесіне шабуыл жасаған. Нәтижесінде, кей мәліметтер бойынша, 400-ге жуық адам қаза тауыпты.

¤

«Менің ойымша біз этникалық қақтығыстың алдында тұрмыз. Бірақ олай болмайды деп үміттенемін. Сол себепті Мянманың барлық азаматтық және әскери билік өкілдеріне аймақты тұрақсыздандыратын бұл зорлықты тоқтатуға шақырамын», - деді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу ГУТЕРРЕШ.

 

¤Рохинджалық мұсылмандар Бангладешке қашуға мәжбүр. Біріккен Ұлттар ұйымының дерегінше, соңғы екі аптада шекараны 123 мың адам кесіп өткен.  Бірақ әскерилер Мьянмадан кетіп жатқан халықты оқтың астына алып жатыр.

¤

¤Ал жергілікті билік өкілдері лаңкестермен күрес жүргізіп жатқанына сенімді. Айта кетейін, қазіргі уақытта әлеуметтік желілер арқылы миллиондаған қолданушылар геноцидты тоқтатындар деген үндеу жолдауда. Сонымен қатар, кей елдерде бұл зұлматқа қарсы шерулер де өтіп жатыр.


Новости партнеров