Бахрейнде жоғалып кеткен 24 жастағы қыз елге аман-есен оралды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бахрейнде жоғалып кеткен 24 жастағы отандасымыз Қазақстанға аман-есен оралды. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады. Араб еліне жұмыс іздеп, ізінше хабар-ошарсыз кеткен Тагина Хайметоваға қазір психологтар көмек көрсетіп жатыр. Қаршадай қыздың ол жақта нендей жағдайға душар болғаны әзірге анықталған жоқ. Біздің дипломаттар Тагина Хайметоваға шет елде қысым көрсетілсе, айыптыларды жауапқа тарту үшін бар күштерін сарп етуге дайын. Есте болса, 24 жастағы қыздың Бахрейнге барып, із-түссіз кеткені туралы ақпарат өткен аптада мәлім болған еді. Тагинаның анасы тілшілерден көмек сұрап, еліміздің Сырты істер министрлігіне де жүгінген. Қазір осы жайттың мән-жайы анықталып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34