ҚР Денсаулық сақтау министрі дәрілердің уақытылы жеткізілмеуін түсіндірді

ҚР Денсаулық сақтау министрі дәрілердің уақытылы жеткізілмеуін түсіндірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Денсаулық сақтау министрі әлеуметтік маңызы бар дәрілердің уақытылы жеткізілмеуін түсіндірді. Министрдің айтуынша, орталықтандыруға қатысты заң жүзінде жаңа модель іске қосылған. Осыған орай, біраз нормативтік құжаттар кеш қабылданыпты. Десе де, бұл ақталу сөзін Бақытжан Сағынтаев қабыл алмады. Керісінше, қажеттіліктерді ерте сараптамадан өткізу керек еді - деді Үкімет басшысы. Сонымен қатар, келер жылы дәрі-дәрмектің уақытылы жеткізілуін тапсырды. Елжан Біртанов ол мәселе «Қазпошта» арқылы шешілетінің айтты. Айта кетейік, Министрлік пен «СК - Фармация » біріге 2018 жылға арналған дәрі-дәрмек көлемін анықтау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, тапшылық көлемі 32 пайызға жетіп, 60 млрд теңгені құраған.

«Біз толыққанды талдау жұмыстарын өткіздік. Біраз дәрі-дәрмек қоры бар. Оның ішінде басым  бөлігі отандық өнімдер және олар тікелей келісім-шарт арқылы іске асып жатыр. Енді конкурс арқылы өтетіндер қалып отыр. Осыған орай, біз мемлекеттік сатып алуларға өзгеріс енгізуді сұраймыз. Сонда бізде жыл басынан бастап, тапшылық болмайды», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.


Новости партнеров