Сейітқазы Матаев бостандыққа шықты

Сейітқазы Матаев бостандыққа шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сейітқазы Матаев бостандыққа шықты. Ол енді жазасын шартты түрде өтейтін болады. 1 жылдан аса Заречный кентіндегі колонияда отырған Матаевты, түрме қақпасының алдында туыстары мен тілшілер қауымы күтіп алды. Еске салсақ, Қазақстан журналистер одағының төрағасы мен оның «ҚазТАГ» ақпараттық агенттігін басқарған ұлы Әсет Матаев "қаржы жымқырды және салықтан жалтарды" деген айыппен сотталған болатын. Сот үкімімен Сейітқазы Матаев 6 жылға, ал Әсет Матаев 5 жылға бас бостандықтарынан айырылған еді. Ал, өткен айда Қапшағай қаласының соты Сейітқазы Матаевтың өзін мерзімінен бұрын шартты жазамен босату туралы өтінішін қарап, оны түрмеден босатуға шешім шығарған. Өйткені, оның денсаулығы сыр берген көрінеді.

«Жұмысқа кірісем, маған кішкене уақыт керек. 2-3 ай емделемін. Сонан кейін жұмысқа кірісем»,-деді Қазақстан журналистер одағының төрағасы, Сейітқазы МАТАЕВ.

 

Новости партнеров