РБК Банкiнiң қаржысын жымқырды - деген күдiкпен Мәскеу қаласында ұсталған Жомарт
Ертаев Қазақстанға қайтарылады. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин мәлімдеді. Ресми таратылған
мәлімет бойынша РБК Банкінің Басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшiсi Жомарт
Ертаевқа қатысты істі қарау мерзімі Ресей Федерациясының заңнамасымен
белгіленеді. Қазір Мәскеуде үйқамақта отырған ол бұған дейін көрші елдің
азаматтығын сұраған болатын. Қазір оған қатысты экстрадициялау рәсiмдерi
жүргiзiлiп жатыр.
«Азамат Ертаевқа қатысты
жағдай бойынша Ресей Федерациясының құзыретті органдарымен тиісті жұмыстар
жүргізіліп жатыр. Заңдық рәсімдер аяқталғаннан кейін Ертаев Қазақстан
Республикасына әкелінеді»,-деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей ЛУКИН.