|
10.01.2017 | 11:45
1553

Башар Асад Астанада өтетін келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Башар Асад Астанада өтетін келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Башар Асад Астанада өтетін келіссөзге дайын екенін мәлімдеді. Сирия президентінің сөзінше, шиеленісті шешу үшін ешқандай кедергі жоқ. Керісінше, қазіргі үкімет мәселені бейбіт шешуге дайын. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев келіссөздің Астанада өтуіне қатысты бастаманы толықтай қолдаған еді. Ақпар бойынша, Астанадағы тараптардың кездесуі қаңтардың 23-не жоспарланған. Бас қалаға Ресейден келген делегация саммитке дайындықты бастап кетпек. Қазақстандағы келіссөз алаңы женевадағы кездесудің жалғасы болу тиіс. Ал, Сирияда осы күндері  қарулы қақтығысты тоқтату режимі орнаған. Десек те, кей аймақтарда атыс жалғасуда. Гуманитарлық жасақтарды кейбір аймаққа жеткізу мүмкін болмай отыр.


«Көбіне ұрыс жалғасып жатқан Дамаск қаласының төңірегі және Хомс пен Хама маңында жағдай ушығып тұр. Көп аймақта атысты тоқтату режимі арқылы тыныштық орнап тұрса да, біз үшін көптеген аймаққа гуманитарлық көмек жеткізу үшін қиындық туып отыр»,- деді БҰҰ арнайы кеңесшісі, Ян ЭГЕЛАНН.

 

30 желтоқсан Түркия мен Ресей Сирияда атысты уақытша тоқтату туралы келісімге қол жеткенін мәлімдеді. Оған қоса, олар Сирияға гуманитарлық ұйымдар көмек көрсете алатындай мүмкіндікке қол жеткізетінін айтты. 23 қаңтар Астанада Түркия, Ресей және БҰҰ мамандары бас қосады деп күтілуде.





Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир