Бауыржан Байбек алматылық әйелдерді төл мерекемен құттықтады

Бауыржан Байбек алматылық әйелдерді төл мерекемен құттықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек алматылық әйелдер қауымын төл мерекемен құттықтады. Бүгінде аналар тек отбасының ұйытқысы болып қана қоймай, мемлекетіміздің қоғамдық саяси өміріне белсене араласып, ел мүддесіне қызмет етіп келетінін атап өтті. Қазіргі таңда әйел қауымының араласпайтын бірде-бір іс, бірде-бір сала жоқ екенін тілге тиек етті. Нәзік жандылардың ел үшін атқарған еңбегі елеусіз қалған емес, - деді қала басшысы.

«Қаламызда соңғы 5 жылда мемлекеттік наградалармен 400-ге жуық алматылық марапатталған болса, оның 30 пайызынан астамы әйелдер. Елбасы тапсырмасы бойынша бала күтімімен үйде отырған аналарды әлеуметтік қолдауға және көпбалалы отбасылардың әл-ауқатын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Тек соңғы 1 жылдың өзінде көпбалалы аналарға 31 алтын және 110 күміс алқа тарту етілген», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Қазіргі таңда Алматыда 1500-ден аса алтын алқа, ал 2 мың 120 ана күміс алқа иегері тұрады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген алматылық жеңімпаздардың 25 пайызы әйелдер. Алып шаһарда Халықаралық әйелдер күні қарсаңындағы мерекелік кеште белгілі әнші Сәкен Майғазиев жеке концертін қойды.


Новости партнеров