|
07.03.2018 | 20:01
3859

Алматылық нәзік жандылар қоғамдық көлікте тегін қатынады

Алматылық нәзік жандылар қоғамдық көлікте тегін қатынады

Алматылық нәзік жандылар бүгін Қалқаманнан Саяхат автовокзалына дейін тегін қатынады. Ерекше науқан 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арнайы ұйымдастырылған. Қоғамдық көлік түскі 11.00-ден 13.00-ге дейін аруларды тегін тасыды. Мұндай құрметтің жасалып жатқанына әйелдер қауымы дән риза.

Қоғамдық көлік ертең де нәзік жанды жолаушыларды тегін тасымалдамақ. Шараны ұйымдастырушылар адам көп жүретін бағытты әдейі таңдапты. Аталған науқан алдағы уақытта да жалғасын табады.

«Мұндай жақсылықтар бірінші рет емес. Алдағы уақытта да болады тағыда. Осылай жалғаса береді. Қазір тек қыз-келіншектерді тасымалдаймыз. Өйткені мереке осы кісілердікі ғой. Осы бағытта көп халықтың жүретін жолы ғой бұл. Өте үлкен көше және халықтың көп орналасқан аймағы», - деді  «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының жанынан ашылған жетім балалар пансионатының әдіскері Бақтияр САПАРҰЛЫ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир