БЖЗҚ-ның бұрынғы басшысы Ерденаевтың қамау мерзімі 1 айға ұзартылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевтың қамау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды. Тиісті шешімді Алматы қалалық соты шығарды. Одан бөлек, осы іске қатысты тағы бірнеше күдіктіні қамауда ұстау уақыты да 28-ші тамызға дейін ұзарған. Яғни, олар уақытша оқшаулау орталығында келесі айдың аяғына дейін отырады. Руслан Ерденаев пен басқа да күдіктілерге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену айыбы тағылып отыр. Есте болса, былтыр біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жүргізілген тексеріс кезінде 5 млрд теңгенің жымқырылғаны анықталған. Бұл қаражат «Бузгул Аурум» серіктестігінің облигацияларына инвестиция салу арқылы қордан алыныпты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
22.09.2026 08:00
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
22.09.2026 13:00
Санжар Әділов Азиадада аралас жекпе-жектен қола алды
21.09.2026 09:45