|
28.06.2018 | 15:24
1343

Биыл азық-түлік бағасы 5,1% қымбаттады

Биыл азық-түлік бағасы 5,1% қымбаттады

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2018 жылғы мамырда инфляция 0,2%, жылдың басынан бері – 2,4% (2017 жылғы қаңтар-мамырда – 3,3%) болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жылдық инфляция 6,2% деңгейінде қалыптасты және 2018 жылдың соңында Ұлттық Банктің 5-7% нысаналы дәлізінің ішінде тұр. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 8,4%-ға, азық-түлік тауарлары және ақылы қызмет көрсету – тиісінше 5,1% және 5,3%-ға өсті.

2018 жылғы мамырда халықтың инфляциялық күтулерінің төмендеуі байқалады. Халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы нақты инфляциядан төмен бола отырып, 6,0% болды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир