Олжас Сүлейменовтың жиенін жоғары шенді офицердің қызы қағып кеткен

Олжас Сүлейменовтың жиенін жоғары шенді офицердің қызы қағып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың жол апатынан көз жұмған немересі Ескендір Сүлейменов тізгіндеген мотоциклді Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті басшысының қызы соққан. Астаналық полицейлер 22- маусымда болған оқыс оқиға кезінде темір тұлпарды полиция бастығы, полковник Қайрат Мұхитовтың 1989- жылғы қызы басқарған,-дейді. Бірақ қыздың қанынан алкогольдік, есірткі немесе психотропты зат табылмаған. Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда. Мұхитованың қылмысы қылмыстың ауыр түріне жатпайтындықтан, Есіл аудандық соты оған қатысты кепіл түрінде бұлтартпау шарасын қабылдаған. Кепіл сомасы - 601 мың 250 теңге. Кінәсі дәлелденсе, полковниктің қызы 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Тергеу басталғалы бері қылмыстық іс біздің бақылауда .Оқиға орнына бірінші болып жеткен жедел жәрдем, куәгерлерден жауап алдық, жол апатына себеп болған жағдайларды анықтадық. Бұл дерек жедел басқарма орталығының видеобақылау камерасына түсіп қалған. Осы күні ІІД анықтаушылары жазбаны тәркілеп, қылмыстық іс материалдарына қосты»,-деді Астана қаласы ІІД департаменті басшысының орынбасары Санжар ӘДІЛОВ. 

Естеріңізге сала кетейік, жол көлік апаты Астана қаласындағы Мәңгілік ел даңғылы және Керей мен Жәнібек хандар көшесінің қиылысында болған. Соққының салдарынан ауыр жарақат алған Ескендір Сүлейменов сол жерде көз жұмған еді.


Новости партнеров