Биыл Алматы облысына 30 млрд теңге инвестиция тартылды

Биыл Алматы облысына 30 млрд теңге инвестиция тартылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысына жыл басынан бері 30 миллиард теңге  инвестиция тартылған. Инвесторлар көбіне ауылшаруашылығына және тауар өндіретін кәсіпорындарға қаржы құюға қызығушылық танытыпты. Бұл туралы "Талғар-инвест" жерлестер форумында мәлім болды. Бүгінгі шарада инвесторлар 18 миллиард теңгені құрайтын 6 меморандумға қол қойды. Бұл қаражат облыста туризмді дамытуға және әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне жұмсалмақ. Инвест-форумға ақ жағалылыр мен кәсіпкерлер, болашақ инвесторлар қатысты. Шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. 

«Бізде өскен өнімдердің экология жағынан сапасы өте жоғары. Біріншіден өзіміздің халыққа жеткізіп, екіншіден экспортқа шығаруға мүмкіншілік береді. Бұл мекемелердің, зауыттардың өнімдері», - деді   Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Әлімжан ТОХТАСУНОВ. 

 

Новости партнеров