|
27.07.2018 | 13:00
19745

Қайырымдылық қоры өңірлердегі мұқтаж отбасыларға көмек бермек

Қайырымдылық қоры өңірлердегі мұқтаж отбасыларға көмек бермек

«Ниет» қайырымдылық қоры еліміздің бірнеше өңіріндегі көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшын бермек.

Қор демеушілердің көмегімен, 38 мыңнан астам жылы киім-кешек, аяқ киім және аксессуар алған. Оны еріктілер 2 ай аралығында сұрыптап, қазір мұқтаж  отбасыларға табыстауды бастады. Ол жанұяның барлық мүшесіне беріледі. Атап өтерлігі, мұндай қолдау Алматы, Астана және Тараз қалаларындағы мүгедек балалар мен жетімдерге, жағдайы төмен және көпбалалы отбасыға көрсетіледі.

«Қайырымдылық қоры 2 жылдан бері бізге көмек беріп тұрады. Дүкеннен азық-түлік алуға ақшалай сертификат береді. Жаңа жылда сыйлықтар да беріп тұрады. Әр мейрамда сыйлық беріп тұрады. Өзі егіз. Біреуі ұл. Ол сау туылды. Осы қызым сал ауруына шалдыққан. Неден екенін білмеймін», – дейді Гита ҚАБЫЛОВА.

Қайырымдылық қорына қаржы қолма қол аударылмайды. Ұйымның ерекшелігі де сол. Мұнда кез келген көмек көрсетемін деушілер онлайн-платформа арқылы балалардың атына тиісті ақшасын аудара алады. Сондай-ақ сайтта кімге, қанша қаржы аударғаны туралы барлық ақпарат тұрады.

«Көмекке мұқтаж отбасының тізімін қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан алдық. Алдағы уақытта бұл көмектен бөлек мектеп «Мектепке жол» бағдарламасы бойынша мұқ¬таж балалар мектеп жабдықтарымен және киіммен қамтамасыз етіледі», – деді «Ниет» қоғамдық қорының президенті Айнұр ТЕМІРХАНҚЫЗЫ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир