|
09.12.2016 | 11:01
2245

Алматылықтардың салық бойынша берешегі 4 миллиард теңгеден асқан

Алматылықтардың салық бойынша берешегі 4 миллиард теңгеден асқан

Ескертулер ескерусіз қалса, шара қатаңдатылады. Алматылықтардың салық бойынша берешегі 4 миллиард теңгеден асқан. Тек қана Наурызбай ауданы бойынша тұрғындардың өтемеген мүлік салығы 106 миллион теңгеге жеткен. Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы сот орындаушылармен біріге отырып, салық төлеуден жалтарған азаматтардан қарыз соманы өндіруге белсене кірісті. Бірлескен топ тиісті қаржыны қазынаға қайтару үшін барын салуға бекініп отыр.


Серік Ахметжановтың мүлік салығын төлемегеніне 1 жылдан асқан. Осы уақыт аралығында оның берешегі 100 мың теңгеге жуықтаған. Оған қарыз туралы талай ескерту жасалыпты. Алайда, ол қаржылай қиындыққа байланысты қарызын өтей алмай жүргендігін алға тартты.


«Әр түрлі компанияларда істегенмін. Қазір үш айдан асты дәл қазір жұмыссыз жүргеніме. Қазір іздеп жатырмын. Осы жақын арада жұмыс табылады деп ойлаймын»,- деді Алматы қаласының тұрғыны, Серік АХМЕТЖАНОВ.


Сот орындаушысы тұрғынның қарызын уақытылы өтемеген соң, техникасын тәркіледі. Мамандарды мұндай әрекетке тұрғындардың жауапсыздығы итермелепті. Енді борышкер қарызын 10 күнде өтеген жағдайда ғана, теледидар мен ноутбугын қайтара алады.


 «Борышкерге мүлік салығы бар екендігі туралы талай рет ескерттім. Ол 1 ай ішінде сот үкімін орындауға уәде берген. Одан бері 3 ай өтті. Борышкер қарызын қайтармады»,- деді Жеке сот орындаушы, Медет НҰРМАҒАМБЕТОВ.


«Салық заңнамасының 607 бабына сәйкес барлық борышкерлерге алдын-ала хабарламалар жіберіледі. Ол хабарламаларды 30 күн ішінде өз беттерінше орындаулары тиіс. Егер өз беттерінше салық соммаларын өтемеген және толық төлемеген жағдайларында салық кодексінің 622 бабына сәйкес сот органдарына жүгінеміз»,- деді Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Мемлекеттік кіріс басқармасы басшысының орынбасары, Еркін СЕЙІТЖАН.


Наурызбай ауданы бойынша мүлік салығын өтемей жүрген борышкерлер саны 13 мыңнан асқан. Олардың мемлекет алдындағы берешегі 106 миллион теңгені құрап отыр. Ал Алматы қаласында жалпы салық төлеуден жалтарып жүргендер саны 200 мыңға жуықтаған.


Перизат Көмекбайқызы, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир