Астанада балалар үйі өртке оранды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада балалар үйі өртке оранды. Түс кезінде үш қабатты нысанның қоймасында болған жалын 30 шаршы метр жерді жалмаған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар нысандағы адамдарды сыртқа шығарып, 50 минутта тілсіз жауды ауыздықтады. Бір адам зардап шеккен. Ол қоймаға жауапты маман болып шықты.

Балалар үйіндегі өрт түскі 12:15-те басталған. Мекеме басшылары тәрбиеленушілер мен жұмысшыларды бірден сыртқа шығарып, сол мезетте «101» қызметіне хабарласқан. Мамандар 3 қабатты ғимараттың қоймасы 12-ден өте шықты десе, куәгерлер басқаша айтады.

Жалынды ауыздықтауға өрт сөндірушілер жеке құрамының 40 қызметкері мен 8 техникасы тартылды. Төтенше жағдай комитеті мен дәрігерлер де уақытылы жеткен. Тілсіз жау 30 шаршы метрден артық аумақты шарпыған. Өрт 50 минутта толықтай өшірілді. Апат туындаған кезде 10 бала әкімшілік ғимараттағы үйірмеде болса, қалғаны мектепте сабақта оқып жатқан. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Тек қоймаға жауапты маман тұншығып қалған. Дәрігерлер оны ауруханаға алып кетті.

«Балалар үйінің тәрбиелеушісі - Әбілдина Жібекті алып кетті. Ол қазіргі кезде тиісті көмектерді алып жатыр», - деді Астана қаласының Білім басқармасы қызметкері Қарлығаш СӘРКЕНОВА.

«Өрт шағын ғана бөлмеде шыққан. Біздің қызметкер көрген. Жүгіріп келіп, көмекке шақырды. Өз күшімізбен сөндіруге тырыстық. Өрт сөндірушілерді шақырдық», - деді Астана қаласының № 1 балалар үйі басшысының орынбасары Айгүл АЙТҚОЖИНА.

Балалар үйінде 89 тәрбиеленуші өмір сүреді. Оларға арнайы коттедж типтес 6 бөлме бөлінген. Қазіргі кезде тергеушілер өрттің неден шыққандығын анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын сымдардың тұйықталуынан болған.  


Новости партнеров