Биыл Алматының басты бес көшесі өзгеше кейіпке енеді

Биыл Алматының басты бес көшесі өзгеше кейіпке енеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматының басты бес көшесі өзгеше кейіпке енеді. Урбанистер қазір жобаны әзірлеу үстінде. Бір анығы - барлық жолдың бойы тұрғындардың жаяу жүруіне ыңғайлы болады әрі онда көлік қозғалысы мен темір тұлпар тұрағы едәуір қысқарады.  

Осы жылы Алматының Абай мен Төле би көшесі, Достық пен Назарбаев және Абылай хан даңғылында күрделі өзгерістер болмақ. Онда веложолақ, жүргінші өткелі, балалар алаңқайы мен спорттық алаңдар жасалмақ. Қысқасы, былтырғыдай Қабанбай мен Қарасай  батыр, Жібек жолы мен Панфилов және Гоголь көшелері секілді, көліктерге емес, қала тұрғындарына барынша ыңғайлы әрі  кілтипансыз кейіпке енеді.  Урбанистика саласының мамандары, бұл бастаманың  оң нәтиже беріп жатқанын алға тартады. Бас-аяғы Алып шаһардың 18 көшесінде осындай өзгерістер болмақ.  

«Панфилов көшесін өзгерткеннен кейін біз бақылау жасай бастадық. Былтыр қаңтар айында 10 минуттың ішінде көшенің бір бөлігінде 365 автөкөлік тұраққа жайғасқан. Ал сол уақыттың ішінде Панфилов көшесі арқылы 3 адам ғана жаяу жүріп өткен еді. Ал өзгерістерден кейін 10 минуттың ішінде кем дегенде 200 адам жаяу жүріп өтеді екен. Ал жол бойымен өткен көлік небәрі 3-еу ақ болды. Енді аталған бес көше бойынша тротуардың көлемі қысқартылып, жаяу жолақтың ауқымы артатын болды. Ыңғайлы жерлерде арнайы алаңдар салынады», - деді Урбанистика орталығының директоры Наталья ЛИВИНСКАЯ.

Сала мамандарының айтуынша, бес көше бойынша құрылыс  мамыр айында қарқын алып, қыркүйекте аяқталады деп жоспарлануда. Өйткені, дәл сол кезеңде көлік тығыны қысқарады әрі ауа райының ең қолайлы кезі. Бұдан бөлек, «ақылды қала» жоба аясында қалалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау орнату мен қуат көзін үнемдеу әрі экологияны жақсарту жұмысы жалғасын таба бермек. Осы тұста, отандық мамандарды,  әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын жеңілдететін, сондай-ақ қаланың қарияларына қол созуға мүмкіндік беретін шет елдік жоба қызықтырып жатқандығы тағы бар.  

«Ұлыбритания сарапшылары қарт кісілердің өмірін қадағалауға бағытталған арнайы ұялы қосымшаның іске асырғандарымен бөлісті. Расымен де, ол тың дүние. Өйткені, әлеуметтік қызметкерлер әрбір тұрғынның есігін барып, қағып тұра алмайды. Ал жаңа қосымша арқылы егде жастағы адамдар қашықтықтан көмек сұрай алады.  Бұл қызметкерлердің уақыты мен оларға жұмсалатын шығынды үнемдейді», - деді «Urban Forum Almaty» негізін қалаушы Әсел ЕСЖАНОВА.

«Ақылды қаламен» қоса, Алматыны цифрландыру аясында осы жылы 8 бағыт бойынша 20 жоба іске аспақ. Соның бірегейі,  көлік жүргізушілернің ережені бұзғанын  фиксациялау арқылы бақылауды күшейту, білім мен денсаулық сақтау саласында қағазбастылықты қысқартып, ведосмтвоаралық құжаттарды электронды форматқа көшіру. Бастысы- азаматтардың мемлекеттік қызметтерді толықтай сандық форматта автоматты түрде қол жеткізуін қамтамасыз ету.  

«Көлік қозғалысының қауіпсізігін автоматтандыру  жүйесін» іске қосқалы жоба сәтті іске асырып келеді. Мәселен, жобаға кеткен қаражат және бюджетке соның арқысында түскен қаражат өзін 6 есе ақтады», - деді  «Алматы қаласы дамыту орталығы» АҚ жобасының өкілі Руслан МАМУНОВ.

Ақылды техниканың арқасында Алматыда қуат көзін 20 пайызға  үнемдейтін «ақылды нысандарды» іске қосу көзделген. Ал электр қуатын бұрынғыдан қарағанда 50 пайызға аз қажет ететін  көше шамдары қазірдің өзінде қалада орналастырылуда. Оған қоса, «ақылды тұрақтың» жүзеге асуы қаладағы қоқыстың 30 пайызын қысқартады.  Тіпті тұрмыстық қалдыққа арналған  «ақылды  жәшік»  қолқаңды қабатын қолаңса иісті болдырмаудан бөлек, қоқысты  80  пайызға дейін азайтып, автоматты түрде сұрыптауға негізделген екен.

Әйкерім Ердәулетқызы, Рашиддин Якупов «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров