Шекарадан карантиндік қоспасы бар жеміс-жидек алып өтпек болғандар ұсталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз


Қазақстан-қырғыз шекарасында әлі де заңсыз жүк әшкереленіп жатыр. Кеденде Қазақстан нарқына жол тартқан карантиндік қоспасы бар жеміс-жидек партиясы ұсталды. Бұл туралы ақпарат және байланыс министрлігі таратты. Айтпақшы, екі ел шекарасында жоспарлы күшейтілген бақылау жұмысы әлі де жалғасуда. Ал инвестициялар және даму министрлігі де жаңа деректер таратты. Ведомствоның хабарлауынша, шекараны кесіп өтетін әрбір алтыншы автокөлік заң бұзады. Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы толығырақ айтып беру үшін елордалық әріптесім Азамат Әуезхан, студиямен тікелей байланысқа шығуға дайын.

- Азамат,  өзіңде бар ақпармен бөліссең. Қанша көлік, қанша ереже бұзған?

Ия, Нұрсұлтан, өзің жоғарыда айтып өткеніңдей, екі ел шекарасы аумағында әлі де жоспарлы бақылау жұмысы жүргізіліп жатыр. Қазан айының 10-нан 17-не дейін  қырғыз тасымалдаушыларының 835 көлік құралдары тексеріліпті. Оның әрбір сегізіншісі Қазақстанның көлік туралы заңын өрескел бұзған екен. Мұндай мәлімдемені бүгін Дәурен Абаев жасады.  Алдымен фитосанитарлық бақылау барысында 127 жүк көлігі тексерістен өтіп, ережені бұзған 20 дерек тіркеліпті. Қайтарылған тауардың көлемі шамамен 202 тоннаны құрады. Ал, ҚР-ның инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек осы аумақта бұзылған ережелер санының артқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, айырқалпақтылар елінен келетін әрбір алтыншы көлік шекараға ережені бұзып келетін көрінеді. ¤¤

«Жыл басынан бері 58 мың автотранспорттық құрал тексерістен өткзілді. 2,5 мың заңбұзушылық анықталса, оның мыңға жуығы Қырғызстан көліктері. Деректер бір ғана айдыкі емес, жыл басынан бастап есептегендегі көрсеткіш. Дегенмен, соңғы айларда өсе бастады. Алғашқы жеті күнде оншақты мемлекеттің 2 721 көлік құралы тексерілді. 193 заңбұзушылық анықталып отыр», - деді ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕК.  

¤Қасымбек есеп берген алаңда Қазақстан мен Қырғызстандық тауарлар бағасы да салыстырылды. Шындығына келгенде, тауарлар көрші елдегі өнімдердің бағасына қарағанда 1000%-ға, тіпті одан да көп соманы құрайды екен. Мұндай мәліметті мемлекеттік кірістер департаменті комитетінің төрағасы келтірді. Егер 2016 жылы қытайдан, қырғыз еліне жасалған импорт 1,5 миллиард долларды құрап 42 пайызға артса, Қазақстан арқылы өтетін тауарлар транзиті 67 пайызға бір-ақ артыпты.

«Қырғызстаннан жасалатын импорт көлемінің күрт өсуіне сараптама жасалды. Анықталғаны, Қазақстанмен салыстырғанда қырғыз еліндегі кедендік баға екі, тіпті одан да көп есеге артқан. Кей тауарлардың бағасы 1000 және одан да көп соманы құрайды. Мысалы, елімізде ерлерге арналған бір көйлектің кедендік бағасы 5,46 доллар болса, Қырғызстанда 0,44 доллар. Арадағы айырмашылық - 5 еседен көп. Сонымен қатар, бір аяқ киімнің кедендік бағасы 28 доллардан асса, қырғыздарда 3 долларға жуықтайды», - деді ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ ТЕҢГЕБАЕВ.

 ¤-Азамат, естуімізше, Қырғызстан шекарадағы жағдайға байланысты Дүниежүзілік сауда ұйымына шағымданған көрінеді. Осыған байланысты сенде қандай ақпар бар?


-Нұрсұлтан, бұл ақпаратқа байланысты алып қосарым жоқ. Иә, шынымен, Қырғыз Республикасының үкіметі Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығына қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға байланысты шағымданған. Онда сауда және тарифтер бойынша келісім бұзылған деп көрсетілген екен-мыс. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссиядан да көмек сұрапты. Дегенмен, әзірге ресми жауап келмеген. Ал осы арада шекарада Қырғыз Республикасы Қарулы күштерінің жаяу әскері бас штабының подполковнигі ұсталыпты. Бұл туралы «Вечерний Бишкек» газеті хабарлауда. Офицер есірткі затымен құрықталған. Бірақ бұл ақпар да нақтылануда.  Нұрсұлтан, мендегі ақпар әзірге осы. Сөз тізгінін өзіңе ұстаттым.

- Рахмет


Новости партнеров