|
14.09.2018 | 17:35
7581

Алматыда Болат Аюханов мерейтойына арналған балет кеші өтеді

Алматыда Болат Аюханов мерейтойына арналған балет кеші өтеді

Қазақ балетінің аңыз адамы, атақты хореограф, профессор Болат Аюханов биыл 80 жасқа толды.

Халық әртісінің мерейтойы осы демалыс күні Абай атындағы опера және балет театрында атап өтіледі. Кештің шымылдығын Болат Аюханов туралы деректі фильм ашпақ. Кейін сахнада көрермендерге оның қойылымдары көрсетіледі.

Айта кетейік, оның қатарында Рудольф Нуриевке арналған жаңа қойылым да бар. Әйгілі бишіні құттықтауға алыс-жақын шетелдерден әріптестері мен шәкірттері келген.  

«Қонақтардың көптеп келетініне қуаныштымын. Одан біз жанданып, күш аламыз. Балет те спорт секілді, барлығы бірін-бірі таниды. Сондықтан олар бізге келеді, біз оларға қысылмастан барып тұрамыз. Менің міндетім – таңғалдыру. Ол ойым философиялық тұрғыдан жақсы шығуы керек. Балет деген – қайнап тұрған өмір ғой», – деді ҚР Халық әртісі Болат АЮХАНОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир