Алматылық тұрғынның үйін сырттай сатып жіберген жеке сот орындаушының үстінен арыз түсті

Алматылық тұрғынның үйін сырттай сатып жіберген жеке сот орындаушының үстінен арыз түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жеке сот орындаушының үстінен түскен арыз бойынша сот процесі басталды. Рәпілбек Тәңірбергенов алматылық Кенжегүл Әбенованың банктен алған несиесін уақытында төлей алмағандығын алға тартып, оның жалғыз баспанасын сырттай  аукцион арқылы сатып жіберген. Десе де, қаржы институты қысылтаяң кезеңде ақшадан қиналған отбасыға түсіністікпен қарап, уақытша төлем жасамауға рұқсат берген болатын. Қос тараптың келісіміне қарамастан кері әрекет еткен сот орындаушының өзін  жәбірленушілер осы айдың басында сотқа берген болатын. Алайда, азамат Рәпілбек Тәңірбегенов бүгінгі отырыста төбе көрсетпеді. Сондай-ақ, пәтерді сатып алған Сәбитов деген азаматта сотқа шақырылғанымен, келген жоқ. Ал несие берген банк өкілдері бұл іспен бүгін ғана танысқандықтарын алға тартып, артық ауыз сөз айтудан бас тартты. 

«Екі мәрте себепсізден себепсіз келмейтін болса, онда тараптардың біреуі, ол кісілердің қатысынсыз істі қарай беруге өтінішхат білдіреді. Сот шешім қабылдап, ол кісілердің қатысуынсыз да шешім шығаруы әбден ықтимал. Бұл жерде бір бап емес, бірнеше бап. Негізгі институты келісім шарттарды жарамсыз деп тануы», - деді құқық қорғаушы Алмас ЖҰМАҒАЛИ.

«Баспананың бәссаудаға шығарылуының өзінде заңсыздықтарға жол берілген», - дейді құқық қорғаушы. Өйткені, сатылымға жылжымайтын мүлік иесінің жақын екі туысы қатысуға құқығы болмаса да, заңды белшеден басқан. Оған қоса, аукционға қатысқан үшінші адамның шотында шарт бойынша қаражаты толыққанды болуы керек. Бұл талапты да дер кезінде пысқырмаған көрінеді. Енді осының бәрін былықтырған сот орындаушысы Рәпілбек Тәңірбергеновқа қатысты  істі жәбірленуші тарап соңына дейін жеткіземіз деп бекініп отыр. Келесі сот процесі енді  14 -ші ақпанға белгіленді. 



Новости партнеров