|
30.05.2017 | 18:52
8964

ЭКСПО-2017 халықаралық көрме барысында қандай іс-шаралар өтпек?

ЭКСПО-2017 халықаралық көрме барысында қандай іс-шаралар өтпек?

Астанада жуырда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып мұндай көрмені ұйымдастырмақ. Бұл тек қана біздің еліміздің экономикасы мен мәдениетін көтеріп қана қоймай, әлемдік экологияға оң әсерін тигізеді деп күтілуде. Естеріңізге сала кетсек, ЭКСПО-2017 басты тақырыбы: «Болашақ энергиясы».

Бірінші дүниежүзілік көрме 1851 жылы Лондонда өткен болатын. Алғашқы ЭКСПО-ның өзі адамдарды таңқылдыра білді. Жыл сайын жаңа туындылар адамдарды шынайы өмірден алыстатып, ғылыми-фантастикалық фильмдердің декорациясына ұқсап келеді.  

Автокөліктер, телефондар, кір жуатын машиналар, алғашқы компьютер, тіпті қойытылған сүтте түрлі жылдарда өткен ЭКСПО-да көптің назарына ұсынылған.


Сіз ЭКСПО-2017 технологиялық экспонаттардан өзге қызықты шоулардың куәсі бола аласыз.

«Ұлы Дала симфониясы» шоуы. Ол қазақ халқы тарихының көп қырлы, таңқалдырар, динамикалық көрінісі ретінде ұсынылмақ. Қойылымда Қазақстан дамуының негізгі кезеңдері, әлемнің мифологиялық жаратылуынан бастап қазіргі күндерге дейінгі көрініс таппақ.

Өтетін орны: Амфитеатр

Күні: 10-14 маусым

Басталатын уақыт: 21.30

ЭКСПО билетінмен кіргізіледі



ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне бәйге түрлерінен «ЭКСПО кубогы»

Бәйге - бұл жазық жерлерде орта және алыс қашықтықта өтетін жарыс, онда шабандоздың тактикалық шеберлігі мен аттың жарысқа дайыдылығы өте зор. Жарыс – бәйгеден, ұшқыр бәйгеден, жорға аттар жарысынан өткізіледі.

Өтетін орны: «Қазанат» ипподромы

Күні: 11 маусым

Кіру бағасы тегін




«Сақтар алтыны» түпнұсқадағы артефактілердің халықаралық көрмесі - Көрмеде Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайынан, Ресей Федерациясының Оренбург губернаторлық тарихи-өлкетану мұражайынан және Қырғыз Республикасының Мемлекеттік тарихи мұражайынан алынған алтын бұйымдардың ғажап үлгілері ұсынылады.

Өтетін орны: ҚР Ұлттық музейі

Күні: 1 шілде – 10 қыркүйек

Кіру бағасы - 1500 теңгеден басталады


Көкпардан І әлем чемпионаты - Көкпар (көкпар, немесе ешкі ұшасы үшін күрес) - ұлттық спорттық ойын, бұл ойында спортшының ептілігі, күші, батылдығы сыналады. Оған әлемнің 15 елінен келетін 150-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Өтетін орны: Этноауыл ұлттық-мәдени кешені

Күні: 21 - 28 тамыз

Кіру бағасы - тегін




«Әлем Барысы» қазақ күресінен абсолютті әлем чемпионаты. Астанаға жақын және алыс шетелдерден атақты балуандар ат басын бұрмақ.

Өтетін орыны: Мұз сарайы «Барыс арена»

Күні: 7-8 қыркүйек

Кіру бағасы - тегін


Театрларда отандық және шетел труппаларының өнерлерін тамашалай алады.

The Great Gatsby ballet - қойылымына АҚШ, Ресей және Украинаның халықаралық кәсіпқой командалары жұмыс істеген жоба. Френсис Скотт Фицджеральдтің туындысы бойынша заманауи хореография және кинематография элементтері бар осы ғажайып балетті спектакль, экстрентті Гэтсби тарихын жаңа қырынан көрсетуге және әлемдік балет өнерін дамытуға итермелеуге қолғабыс етуге арналған.

Өтетін орны: Энергия Холлы

Күні: 15 маусым

Уақыты: 19.30

Кіру бағасы – 1000 теңге.



«Абай» операсы - қазақ операсының жауһары – атақты отандық композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің туындысы. Қойылымды Қазақстан мен Италияның көрнекті өнер қайраткерлері қойған.

Өтетін орны: «Астана Опера» театры

Күні: 11 маусым, 12 тамыз

Уақыты: 18,00

Кіру бағасы – 500 теңгеден басталады.


Дж. Вердидің «Травиата» операсында Пласидо Домингоның өнер көрсетуі - «Травиата» операсының сюжеті Александр Дюманың (кіші) «Камелия ұстаған ханым» романынан алынған.

Өтетін орыны: Театр «Астана Опера»

Күні: 1, 3 тамыз

Уақыты: 19:00

Кіру – 1000 - 20000



Қазақстанның ұлттық (Этникалық) театрларының республикалық фестивалі - бұл Қазақстанда өмір сүріп отырған және еңбек етіп жүрген әр ұлт өкілдерінің қазіргі заманғы таланттар шоғырын көруге мүмкіндік беретін айрықша оқиға, олардың шығармашылық қызметінің белгілі деңгейде қорытындылау мүмкіндігі, өзге халық мәдениетіне жақындау, біздің еліміздің әр азаматының жеке маңыздылығы мен қажеттілігі сезімі.

Өтетін орыны: Оқушылар сарайы

Күні: 8-12 шілде

Кіру бағасы – баға анықталуда


Ла Скала театрының гастрольдері. Дж. Верди «фальстаф» операсы - Миланның әйгілі Ла Скала театры елордамыздың тұрғындары мен қонақтарына Джузеппе Вердидің «Фальстаф» операсын ұсынады.  Астанада 4 спектакль қойылады, дирижер - Зубин Мета.

Өтетін орыны: «Астана Опера» театры

Күні: 1, 4, 6, 8 қыркүйек

Уақыты: 20:00

Кіру бағасы – 500 теңгеден басталады.



Астанада өтетін таңғажайып шоу мен концерттер осы жазды ұмытылмастай есте қалдырады!


The Spirit of Tengri -  заманауи этникалық музыка фестивалі.

Өтетін орыны: Амфитеатр

Күні: 20 тамыз

Уақыты:19.30

Кіру бағасы: 1000 теңгеден басталады.



«дю Солей Шоу Reflect» циркі -  бұл классикалық цирк өнері мен Cirque du Soleil технологиялық мүмкіндіктерінің қоспасы. Ерекше акробатика мен жоғары деңгейдегі орындау шеберлігі көрермендерді ұмытылмас толғандыратын жалынды саяхатқа көшіреді.

Өтетін орны: Цирк дю Солей павильоны

Күні: 16 маусым – 9 қыркүйек

Уақыты: 17.00 және 20.00

Кіру бағасы – 4000 – 6000 теңге.




Bastau Live Show «Димаш Құдайберген шакырады» - Жас әншінің ешкімге ұқсамайтын, қайталанбас дауысы тек Қазақстандағы ғана емес, шетелдің миллиондаған тыңдармандарының жүрегінен бірден орын алды.  

Өтетін орыны: «Астана Арена» стадионы

Күні: 27 маусым

Уақыты: 20:00

Кіру бағасы – 2000 теңгеден басталады



«Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблінің концерті - Кәсiпорын қызметiнiң мақсаты музыка өнері мен концерттік орындаушылық саласындағы мемлекеттің мәдениет саясатын тәжірибелік іске асыруға бағытталған концерттік-гастрольдік қызметті ұйымдастыру және өткізу, қазақстандық композиторлардың шығармашылығын әйгілеу болып табылады.

Өтетін орыны: «Астана Балет» театры

Күні: 15 - 17 шілде,

Уақыты: 18:00, 19.00


Г.Малердің 8-ші симфония премьерасы - көрнекті австриялық композитор Густав Малердің 8 симфониясын орындау - айтулы орасан зор оқиға болмақ.

Өтетін орыны: Бейбітшілік және Келісім Сарайы

Күні: 22 шілде

Уақыты: 18:00

Кіру бағасы – баға анықталуда



Сондай – ақ қазақстандық және шетелдік суретшілердік көрмесі өтеді.


«Арт Дала: кеңістік пен уақыттан өткен диалогтар» халықаралық суретшілер көрмесі- көрмеде шығармашылығы уақыт белгісіне айналған отандық жиырма туынды және шетел авторларының бес туындысы ұсынылған.

Өтетін орыны: ҚР Ұлттық музейі

Күні: 13 шілде - 10 қыркүйек

Уақыты: 15.00

Кіру бағасы – баға анықталуда.


Eurasia Sculpture Biennale халықаралық мүсіндеу өнерінің биенналесі - өнер түрі ретінде заманауи кең мағынада қарастырылып, дәстүрлі және заманауи өнердің өзара байланысы мен әр алуандығын елестетуге мүмкіндік береді.

Өтетін орны: Бейбітшілік және Келісім Сарайы

Күні: 4 шілде - 4 тамыз

Уақыты: 15:00

Кіру бағасы – баға анықталуда



«Ежелгі Мысыр сскерткіштері» көрмесі - Көрме аясында Тутанхамон топтамасы заттарының: жартылай асыл тастармен әшекейленген фараонның алтын жалатылған ағаш күймесі, жартылай асыл тастармен әшекейленген алтын жалатылған ағаш тағы, сыртқы саркофагы, садақаларымен қыз мүсіні және жартылай асыл тастармен әшекейленген алтын жағаның көрсетілуі жоспарланған.

Өтетін орыны: ҚР Ұлттық музейі

Күні: 23 маусым - 3 тамыз

Уақыты: 15:00

Кіру бағасы – 950 теңгеден бастап



Мәтінді орыс тілінде оқу үшін сайт логотипінің жанында тұрған пернені басып, тілді ауыстырыңыз


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир