Дәрігерлер менингит жұқтырған балалардың денсаулығы туралы айтты

Дәрігерлер менингит жұқтырған балалардың денсаулығы туралы айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігері Сәуле Нұрашева менингококк инфекциясын жұқтырған балалардың денсаулығы тұрақталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазіргі таңда ауруханада менингококк инфекциясын жұқтырды деген диагнозбен екі бала ем қабылдап жатыр. 29 мамыр күні ауруханаға түскен бала жансақтау бөлімінен профильді бөлімге ауыстырылды. Оның денсаулығы тұрақталды. Қазіргі таңда ол өзін жақсы сезінеді. Бала 21 күн ауруханада жатып, ем қабылдайды», - деді дәрігер.

Сонымен қатар Сәуле Нұрашева екінші баланың денсаулығын дәрігерлер тұрақты түрде бақылап отырғанын жеткізді.

«Екінші бала, 4 мамыр күні ауруханаға түсті. Оның да менингококк инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бірақ жағдайы тұрақты. Емді тұрақты түрде қабылдауда», - деді ол.

Оның айтуынша, Астанада менингококк инфекциясы жыл сайын көктем-жаз айында күшейеді.

«Өткен жылы да біздің ауруханада балалар емделді. Бірақ адам өлімі тіркелген жоқ», - деп түйіндеді сөзін Сәуле Нұрашева.



Новости партнеров