Алматыда алғаш рет «Абай даңғылы күні» өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда алғаш рет «Абай даңғылы күні» өтті. Медеу ауданы ғылым-білім мекемелеріне, жоғары оқу орындарына, зәулім ғимараттарға толы аймақ. Абай көшесінің орны, әрине, бөлек. Данышпандықта, қазақты сүю де, адамгершілік құндылықты бойға сіңіру де Абайдан бастау алады. Сондықтан, Абай даңғылы күнін атап өтудің болашақты бекемдеуде, жастарды тәрбиелеуде маңызы зор. Бүгінгі мерекелік жиын аясында қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, «Абай»оқулары, ұлттық спорт сайыстары мен концерттік қойылым ұйымдастырылды. Жыл соңына дейін, Медеу ауданында «Достық» даңғылының, «Төле би», «Әйтеке би», «Қазббек би», «Қабанбай батыр» көшелерінің мейрамын өткізу жоспарланып отыр.
«Қалың елім қазағым қайран жұртым, ұстарасыз аузыңа түсті мұртың, жақсы менен жаманды айыра алмай, бірі қан, бірі май болып екі ұртың», - деді. Міне, біз Абайдың осы нәрселерін айтуымыз керек. Осы шара қала деңгейінде көтерілсе және әр аудан өздері жалғастырып-жалғастырып барып, өз ауданындағы осы есімдерді әрі нақтылап атап көрсетіп, кім болғанын жастарға тәрбиелеп және соларға қандай үлгі алатындай сөздерін, соларды әкеліп құю керек. Үлкен қылып өткізу керек. Мына жер толып қалу керек",- деді «Желтоқсан рухы» қоғамдық ұйымының төрағасы, Талғат РЫСҚҰЛБЕКОВ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
01.09.2026 09:00
Алматыда 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
01.09.2026 11:00
Жаңа тағайындау: Қазақстанның вице-президенті болып кім тағайындалды
31.08.2026 11:22
Қыркүйекте кімді үлкен сәттілік күтіп тұр
31.08.2026 10:40