Олимпиада: Алматыда республикалық «Білген» бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды

Олимпиада: Алматыда республикалық «Білген» бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Республикалық «Білген» бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды. Бастауыш сынып оқушыларының арасында өткен жарысқа, математика пәнінің үздіктері қатысқан. Бүгін Қазақстан бойынша 7 мың оқушының арасынан оқ бойы озып шыққан тәлімгерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.

Республикалық «Білген» бәйгесіне 7 мың оқушы қатысқан. Ақтық сынға 1 мың бір жүз тәлімгер өтіпті. Аталған жарыста тек бастауыш сынып оқушылары бақтарын сынаған. Олимпиада 3 кезеңнен тұрды. Біріншісі тест түрінде келетін тапсырмаларды оқушы 90 минут ішінде орындап шығуы тиіс. Екіншісінде, математика пәнінен бақылау жұмысын орандайды. Соңғысында логикалық сұрақтарға жауап береді.

«Әр мектепке барып өтілді. Ол тапсырмалар, алдына қандай тапсырма болатыны хабарланған. Алматы қаласы бойынша 4 мың, ал республика бойынша 7 мың бала қатысты. Соның ішінде дараланып, ерекшеленіп келген мың жүз оқушы қазір республикалық кезеңге келіп отыр»,-деді «Білге» халықаралық ақыл-ойды дамыту орталығының бас әдіскері Маржан ӘШЕКЕ.

Аталған жарысқа еліміздің математика пәнінің үздіктері қатысқан. Ұстаздар мен ата-аналар мұндай бәйгенің ұйымдастырылып жатқанына ризашылықтарын білдіріп жатыр. Келесі жылы да оқушыларын алып келеміз деп отыр.

«Дайындығымыз жыл бойы жүргізіліп отырды. Әрбір БҚО бойынша ішіндегі ең мықты оқушылар іріктеліп алынды. Сол мықтылардың мықтылары бүгін мың оқушының арасынан орындар алып жатырмыз. Өте жақсы әсердеміз»,-деді Батыс Қазақстан облысының әдіскері Салтанат БАЛАҒАДИНОВА.

Мұндай жарысты өткізудегі мақсат - өңірлердегі балалардың білімін арттырып, өзін жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндік беру,-дейді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар осы арқылы техникалық мамандарды жастайынан дайындауға мүмкіндік туады екен.

«Негізгі біздің мақсатымыз мұнда, қазіргі қазақ жастарының қазақ балаларының техникалық ғылымдарға деген махабатын ояту және алдағы уақытта мықты технократтарды шығару. Яғни, IT саласының үздіктері, IT саласының мықтыларын шығару деп алға қойдық»,- деді «Серпін» Ұлттық білім және инновация палатасының атқарушы директоры Әкім ТҰРСЫН.

Алдағы уақытта «Білген» бәйгесі сынды 5-ші, 11-ші сынып аралығында жарыстар көптеп ұйымдастырылмақ. Ол кезде бас жүлдеге еліміздің бірнеше жоғарғы оқу орындарынан грант берілмек. Дода халықаралық деңгейде ұйымдастырылмақ. Әзірге, Қырғыз бен Өзбекстаннан өтініштер түсіп үлгеріпті.

«Біз мұндай жобаларды әрдайым қолдаймыз. Сондықтан жеңімпаздарына гранттар бөлеміз. Аталған жарыс, балалардың біліктілігін арттырады. Білімге деген құштарлығын оятады деп сенеміз. Қазақстанда осындай олимпиадалар көбейе берсін»,-деді Синергия университетінің бас директоры Бауыржан ҚАСЫМБЕРГЕБАЕВ.

«Білген» бәйгесінің жеңімпаздарына 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы табысталды. Оларды дайындаған мұғалімдеріне де сондай көлемде стипендия берілді. Ал ең үздік мектеп номинациясын Алматыдағы 148-ші мектеп гимназиясы жеңіп алды. Оларға «Білген» олимпиадасының арнайы кубогы бұйырды.

Өмір Әнуарбек Мұрат Тайжан Алматы телеарнасы.


Новости партнеров