Елімізде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесі енгізілмек

Елімізде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесі енгізілмек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1 шілдеден бастап елімізде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесі енгізіледі. Ал 2018 жылы медицина саласының қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктейтін бұл жүйе толықтай қолданысқа енбек. Елбасының Жолдауындағы әлеуметтік мәселелердің ішінде басты басымдық осы медицина саласына да берілген. Халық қалаулылары Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында бас қосып, осы саланы дамытуға бағытталған бірқатар мәселелерді талқылады.

«Мемлекет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін өте үлкен жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі күні 49 назалогиясы бар ауру кірген бұл тізімге 400-ге жуық дәрі-дәрмек біздің мемлекетте тегін түрде жіберіледі. Оның ішінде стационарлық көмекке және амбулаторлық көмекке тегін рецептура арқылы жіберілетін дәрі-дәрмектер. Соны біздің мақсатымыз - халықтың дер кезінде алып отыруы», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Зәуреш АМАНЖОЛОВА.


Новости партнеров