Жамбыл облысының тұрғыны әйелі мен баласын пышақтап өлтірді

Жамбыл облысының тұрғыны әйелі мен баласын пышақтап өлтірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында  55 жастағы азамат үйінде өзінің әйелі мен баласын пышақтап тастады.   Алған жарақатының ауырлығынан  екеуі де ауруханаға жетпей жан тапсырды, деп хабарлайды kyn.kz.

Қайғылы жағдай Байзақ ауданы Көктал ауылында болған. Тергеу мәліметтерінше, ерлі-зайыптылылар арасында отбасылық жанжал туындаған. Сол уақытта 55 жастағы азамат жұбайы мен 29 жастағы ұлына бірнеше мәрте пышақ ұрған.

Алдымен баласын мойын тұсынан орып жіберіп, кейін әйелін кескілеген. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты айтылмады. Күдікті қазір қамауда отыр. Оған қатысты адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалды.

Құзырлы орган қызметкерлерінің мәлімдеуінше, ол бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмаған. Сондай-ақ сезіктінің психикалық ауытқуы болуы мүмкін деген күдік бар. Соған қарағанда, ол жазадан құтылып кете ме деген қаңқу сөз тараған еді.

Алайда, облыстық ІІД тергеу басқармасының бастығы Мақсат Ережеповтың айтуынша, ер азамат жазадан құтылып кетпейді.

«Ол жөнінде Қылмыстық кодекспен қылмыстық шаралар көрсетілген. Яғни медициналық мәжбүрлеу шаралары. Сол бойынша жауапқа тартылады»,- деді басқарма басшысы.

Новости партнеров