Грузия мен Түркия шекарасында түрік кеден қызметкерлері Грузия азаматын ұстады, оның жолжүгінен әйел адам табылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz «Грузия Online-ға» сілтеме жасап.
Түрік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға түрік кеден-бақылау жағындағы «Сарпи» бекетінде болған. 24 жастағы грузин үлкен шабаданымен шекарашылардың назарын аударған. Тексеру барысында шабадан ішінен Өзбекстанның 27 жастағы азаматшасы анықталыпты. Оған елге кіруге тыйым салынған екен.
«Курьер» мен оның «багажы» ұсталды, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.