|
22.02.2017 | 10:20
3783

Алматылықтар метроның автотұрағына кіре алмай жүр

Алматылықтар метроның автотұрағына кіре алмай жүр

Алматылықтар метроның автотұрағына кіре алмай отыр. Абай мен Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысындағы Байқоңыр стансасына келетін жүргізушілерге жол жабық. Өйткені, стансаға жақын орналасқан алып компания автотұрақ аймағын жауып,  көлік кіріп-шығатын жерді пайда табу көзіне айналдырып алған. Автотұрақтың ақысы да аспандап тұр.

Абай мен Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысындағы метроға автокөлікпен келген адамдар бәрібір кіре алмайды. Себебі, жолаушылар көлігін тастап кірмес үшін мынандай арнайы бөгет қойылған. Төмендегі екінші кіреберісте күзетші бар. Тек қомақты қаржы төлегендер ғана бұл аумаққа кіре алады. 

Жасыл әйнекті мына ғимаратта жұмыс істейтін жүргізушінің айтуынша, әкімшілік аумаққа кіру үшін айына 25 мың теңге төлеуді талап етеді. Ондай қаржыны төлеп, көлігін қоюға көптің қалтасы көтермейді. Әрі ашық аспан астындағы тұрақтың қызметі бұндай бағаға  сәйкеспейді дейді шағымданушылар. 

«Тегін болу керек. Себебі, ол метроның айналасы, халық метроға келеді. Машиналарын қойып, метромен жүруге болады. Ал бұл жерде ақылы. Кез келген адам кіре алмайды. Кіруге болады если ақша төлесеңіз. 25 мың теңге айына»,- деді Алматы қаласының тұрғыны, Дарын СҰЛТАНБЕКОВ. ¤

Метро бекеті бар қаланың барлық аумағындағы алаңқайлар тегін. Алматы әкімдігі халықтың қоғамдық көліпен жүруіне жан-жақты жағдай жасап жатқанда, метро жанындағы автотұрақтың бұлайша қымбат болуы қала билігінің саясатына кері әсерін тигізеді. 

«Тіптен жекеменшігін дәлелдейтін  актсі бола тұра олар жерді автотұрақ ретінде пайдаланып, өзге көліктерден ақша алса онда оларға салықты 10 көп көлемде төлету  қарастырылған. Сондықтан, олар ол жерді арнайы автотұрақ үшін деп рәсімдетіп, барып жұмыс істей алады. Ал өз ғимараттарына тиесілі жерді пайдалануға құқылы»,- деді Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі, Бекқали ТОРҒАЕВ. 

Бостандық ауданы әкімдігіндегі мамандардың айтуынша жер үш жылға жалға берілген, бірақ қандай мақсатта екенін анықтаймыз деп уәде берген соң созбалаңға салып жіберді.  Жерді  жалға алдық деп жанына жолатпаған компанияның басшылары мемлекеттің қаржысы арқылы қоршауы қаланып, жөнделген жерге әлі екі жыл иелік етеміз деп отыр.

Әмірболат Құсайынұлы, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы  



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир