|
25.01.2018 | 09:20
4744

Алматының Жетісу ауданында 30 жер учаскесі мемлекет меншігіне алынады

Алматының Жетісу ауданында 30 жер учаскесі мемлекет меншігіне алынады

Алматының Жетісу ауданында 30 жер учаскесі мемлекет меншігіне алынады. Бұл туралы қала әкімдігінің мемлекет қажеттілігі үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша қаулысында көрсетілген. Аталған тізімге Сейфуллин даңғылында 250-ден астам жер учаскесі еніпті. Соның ішінде 190-нына қатысты қаулы бар. Ал, былтыр 30-на өтемақы төленген. Қалғандарымен әлі жұмыс жүргізілуде.

«Тәуелсіз бағалаушы компания нарықтағы нақты бағаны шығарады. Ал өтемақы көлемі еліміздің мемлекеттік мүлік туралы заңына сәйкес төленеді. Өткен жылы осы өтемақыны белгілеуге қатысты тұрғындар тарапынан сауалдар туындады. Оның көлемі нарықтағы бағаға сәйкес шыға бермейді. Кей жағдайларда ғана жер бағасы кадастр құны не болмаса, келісім-шартқа сай белгіленген бағаға сай есептеледі», - деді Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ардақ САМАМБЕТОВ.

Ал, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшелерінің қиылысынан тәркіленетін жерде жол айрығы салынбақ. Осы арқылы мамандар Сүйінбай көшесінде жиі орын алатын көлік кептелісін азайтуды көздеп отыр. Одан бөлек, мемлекет қажеттілігі үшін жер телімдерін қайтарып алу Түрксіб ауданы Шемякин көшесінде жүргізіледі. Бұл ретте әкімдік мәжбүрлі айыру күнін  осы жылдың 31- желтоқсаны деп белгілеу туралы қаулы шығарды. Мұнда көше ұзартылатын болады. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир