«Өз елімізде жетім баланың күнін кешкіміз келмейді»! Алматы облысы, Іле ауданы қарасты Ащыбұлақ ауылдық округінің тұрғындары базынасын айтты. «Жомарт» бау-бақша серіктестік кооперативының тұрғындары 13 жылдан бері жер телімдерінің мемлекеттік актыларына қол жеткізе алмай жүр. Соның салдарынан маңдай терлерімен соққан үйлері заңдастырылмаған.
Ашыбұлақ ауылының тұрғындары 2004 жылы «Жомарт» бау-бақша серіктестік кооперативі төрағасы басшысынан жер сатып алғандарын айтады. Алайда, 800-ге жуық жұртшылық осы күнге дейін тұрғылықты жеріне мемлекеттік акт ала алмай отыр.
«Мына «Жомарт» ауылындағы үйлердің 80 пайызының документтері жоқ, құжаттары рәсімделмеген. Оған Шаяхмет кінәлі. Алджамбаев Шаяхмет осы жердің председательі. Оған қазір алаятық бабы бойынша іс қозғалып жатыр»,- Алматы облысы тұрғыны, Әбдірахман СМАЙЛОВ.
1200- ге жуық түтін түтететін бұл ауылда әлі де атқарылар шаруалар көп. Өкініштісі, жұртшылық қоныстар алдында әкімшіліктен жердің заңды немесе заңсыз аумақ екенін сұрамаған.
«Мына жолға тұрғындар жылда 5000 теңгеден целевой взнос төлейді. Оны кім-көрінген жинап алып кетеді. Егер сол қаражат тиісті жерге түсетін болса онда жағдай басқаша болатын еді»,- деді Алматы облысының тұрғыны, Әсетілдә БАЗАРБАЕВ.
Ал, кооператив басшысынан қайыр болмаған соң, тұрғындар жергілікті биліктен көмек сұрады. Сала мамандары халықтың базынасына қатысты тиісті жауап қатты.
«Адамдардың ащы шындығын түсінеміз. Бірақ, олар сол жерді сатып алар кезде біреуі әкімшіліктен келіп сұраған жоқ. Мына жерді алсақ заңды ма, осыған қалай қарайсыздар деген сөз болған емес. Енді келіп үй соғып алғаннан кейін біреудің жері, заңдаспайды деп айхай шығаруда. Біз бұл мәселені шеше алмаймыз. Бізге қарамайды»,- деді Іле ауданы, Ащыбұлақ округі әкімі аппаратының бас маманы, Айбалқын ТҰРАЛИНА.
Баспанасын заңдастыра алмай жүрген 800-ге жуық тұрғын енді Алматы облысының құзырлы органдарына шағымданамыз деп отыр.