Үлкен Алматы көліне апаратын экоавтобустар жүретін болды

Үлкен Алматы көліне апаратын экоавтобустар жүретін болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үлкен Алматы көлінің аумағы көріктендіріледі. Енді онда жеке көлікпен кіре алмасаңыз да, таудың керемет көрінісін алаңқайдан тамашалауға болады. Арнайы экоавтобустарды жіберу қарастырылған. Сәйкесінше, тауға апарар жол жөнделіп, жан-жағы қалыпқа келтіріледі.

Туризм басқармасының мәліметінше, бұл экологияны жақсартып, демалушылардың кептелісте тұрмауына септігін тигізбек.

«Осы аптада Үлкен Алматы көлі бойынша арнайы жоба таныстырылды. Қазір қоғам талқысына жібердік.Бекітілгеннен кейін біздің басқарма ол жобаны сатып алады. Ал қазіргі жоспар бойынша Үлкен Алматы көлінде үш тамашалау алаңы болады және жан-жағы көріктендіріледі», – деді  Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Мақсат ҚИҚЫМОВ.

Ал туристердің қаламызға деген қызығушылығы жыл санап артып келеді. Туризм және сыртқы байланыстар басқармасынының берген мәліметі бойынша, соңғы жылы шаһарға жарты миллион қонақ келіпті.


Новости партнеров