|
18.04.2018 | 10:28
8846

Алматыдағы экобекеттерде бір сәтте көліктің төрт кемшілігін анықтайтын аппарат қойылды

Алматыдағы экобекеттерде бір сәтте көліктің төрт кемшілігін анықтайтын аппарат қойылды

Алматыға келетін көліктерді тексеру күшейеді. Экологиялық бекеттерге бір сәтте машинаның төрт кемшілігін анықтауға мүмкіндік беретін аппарат қойылды. Бұрын полицейлер негізінен техниканың тек экологиялық көрсеткішін көріп келсе, енді жүргізушіге бір сәтте бірнеше әкімшілік хаттама толтырылуы мүмкін.

Бұрын полицейлер ескі көліктерді көбірек тоқтауға әуес болса, енді  жылы жаңа машиналарды да бекеттің маңына жиі кездестіруге болады. Германия тапқырларына тиесілі көк сандық техниканың төрт ақауын анықтайды.

«Бүгінгі таңда барлық 10 экологиялық бекетке қойылып жатыр. Оның жұмысына енді ғана белсенді кірісіп жатырмыз. Анық-қанығын,  техникалық қыр сырын, сипаттамасын  енді ғана біліп, оны біз өз тәжірибемізде белсенді қолданамыз», -деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК 

Мотор майының қызуын, қозғалтқыштың жұмысын, дөңгелектің түзу айналуын және газдың бөлуін біліп береді. От алып тұрған мотор майының қызуы 60-80 градус аралығында  болмаса қозғалтқышта кінарат бар деп саналады. Тақометр "тілінің" түзулігі де монитор арқылы анықталады.

«Германияның аппараты бірнеше бөлшек, бөлімдерден тұрады. Газоанализатор, түтін өлшегіш, матордың температурасын анықтауға арналған анықтағыштар бар. Олардың бәрі арнайы бағдарлама арқылы іске асып, кез келген көліктің  ахуалын анықтап бере алады. Біз компанияның  өкілі ретінде инспекторларға үйретіп жатырмыз», -деді   инженер Руслан ШАМСУТДИНОВ

Аппаратты тестілік режимде тексеріп жатқан инспекторлар ақауы табылған көліктердің көп екенін айтады. Бірақ жүргізушілерді әзірге ескертумен жіберіп жатыр. Ары кеткенде бір айдың ішінде қолданысқа көшкен соң жоғарыдағы көрсеткіштер бойынша кемшілік табылған көлік иелеріне  бірден бірнеше айыппұл салынады. 

«Экологиялық бекеттердің сапалы жұмыс жасауына жан-жақты жәрдемдесеміз. Қоғам, партия, қала әкімдігі сынды  барлығы да  экологиялық бақылаудың дұрыс жұмыс жасағанына мүдделі. Өйткені, қаланың экологиясы қашанда күн тәртібінен түспейді», - деді  "Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалы бойынша партиялық бақылау комиссиясының төрағасы  Андрей МОРГУНОВ 

Алматы тіркеуде тұрған 550 мың көліктен бөлек, тәулігіне 300-350 мың техниканың транзиттік жолы саналады. Кіреберістегі 10 бақылау бекеті  арқылы тек экологиялық кемшілік көрсеткіші бойынша биылғы жылдың үш айында 15 миллион теңгенің айыппұлы салыныпты.

Әмірболат Құсайынұлы,  Рашиддин Якупов «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир