«ЭКСПО-2017» көрмесіне Түркия елінің павильоны дайын

«ЭКСПО-2017» көрмесіне Түркия елінің павильоны дайын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана төрінде өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне Түркия елінің павильоны дайын. Аумағы мың шаршы метрді құрайтын павильон тақырыбын түркиялықтар «Тұрақты энергетика жолындағы ғаламдық өзара әрекеттестік» деп атапты. Ең алдымен онда мемлекет қолданып отырған болашақ энергиясын құрайтын инновациялық тәсілдер назарға ұсынылмақ. Түркиялықтардың павильоны әлемдік қуатты бейнелейтін күн ретінде бейнеленген. Ал бауырлас мемлекеттің өзінде электр энергиясының үштен бір бөлігін баламалы қуат көзі алмастырған. Айта кетейік, ЭКСПО көрмесіне Түркия елі 345-ші рет қатысып отыр.

«Бізге «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы ұсыныс келгенде ойланбастан келістік. Қазақстан Республикасы Түркияға көршілес, әрі бауырлас мемлекет болып келеді. Біздің бас тұжырымдамамыз - болашаққа арналған синергия. Бұдан бөлек, 3 тақырыпты қамтыдық. Олардың барлығы осындағы павильонда көрсетілген», - деді Түркияның Экономика вице-министрі Фатих МЕТИН.


Новости партнеров