|
08.06.2017 | 11:29
2220

Әлемге танымал актёр Джеки Чан Қазақстанға келді

Әлемге танымал актёр Джеки Чан Қазақстанға келді

Әлемге танымал актёр Джеки Чан Қазақстанға келді. Астанаға ат басын тіреген голливудтық жұлдыз Қытай киносы фестивалінің ашылуына қатысты. Киножұлдыз журналистерге қазақстандық кинокартинаға қатысуға бірнеше жылдан бері ұсыныс түсіп жүргенін айтты. Бірақ Джеки Чан бас тартыпты. Оның себебін, біздің керемет табиғатымызды өзінің трюктерімен бұзғысы келмейтінімен байланыстырды. Сонымен қатар, актер табысқа жету құпиясымен де бөлісті. 

«Мен жұлдыз болып туылған жоқпын. Барлығына еңбекпен жеттім. Сондықтан, әр адамның жағдайын түсінем десем қателеспеймін. Олармен қандай қарым-қатынаста болу керектігін түсінуге тырысамын. Талпынысымның және маған қолдау көрсеткен жанкүйерлерімнің арқасында табысқа жеттім. Содан болар өзіме күш жинап, фильмдерімнен қуат алуға тырысамын. Оның үстіне мен түскен кинокартиналарда тілдік алалау жоқ. Фильмнің мазмұнына қарап-ақ оны түсінуге болады»,- деді Актёр, Джеки ЧАН.

 

 

 

 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир