|
08.02.2018 | 09:31
1297

Ел шенділері отандық өндірушілердің құқығын қорғауға дайын емес - Нығматулин

Ел шенділері отандық өндірушілердің құқығын қорғауға дайын емес - Нығматулин

Мәжілісте Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы Қазақстанның мүддесі сөз болды. Нұрлан Нығматулиннің ойынша «ел шенділері қажетті деңгейде отандық өндірушілердің құқығын қорғауға дайын емес. Себебі, кәсіпкерлер тарапынан түсетін өтініш көп. Оны депутаттардың жолдаған сауал хаттарынан білуге болады», - деді палата төрағасы. Осыған орай, аталмыш бағытта арнайы дайындалған мамандар қажеттігін ескертті.

«Еуразиялық экономикалық одақ ішінде бәсекелестік бар. Бұл дұрыс, өйткені нарық. Осы сұрақпен айналысатын біздің мамандар білікті болуы тиіс. Одаққа мүше мемлекеттердің экономика салаларының қыр-сырын білуі керек. Бізге министрліктердің құрылымдық бөлімдерінде ғана емес, мемлекетаралық интеграциялық органдарда да кәсіби мамандар қажет. Бірақ, өкінішке қарай, бүгінде біздің шенеуніктер отандық өнім өндірушілердің құқығы мен мүддесін толық көлемде қорғап жатыр деп айта алмаймыз. Егер біздің шенеуніктер осындай жұмыс істеуді жалғастырса, онда отандық бизнес үлкен шығындарға ұшырайды», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы  Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.

Нұрлан Нығматулин, жыл сайын 700 мың тоннаға жуық цементтің Ресейден әкелініп жатқанын сөз қылды. Ал, қазақстандық компаниялар бұл өнімді экспорттай алмай, түрлі қиындыққа тап болған. Өйткені, интеграциялық органдардағы біздің өкілдер Ресейде жаңа стандарт пен экспортталатын цементті сертификаттаудың тәртібі енгізілгенде Қазақстанның мүддесін ескермегендігін айтты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир